KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887245
2019 жылы:  20960
бүгiн:  1
қазiр:  27
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.10.2014

   2014 жылғы 10 қазан, сағат 15.00-де Көрмелер залында белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, педагог Санжар Асфендияровтың 125 жылдығына арналған  еске алу кеші өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық  медицина университеті.

   Санжар Асфендияров 1912 жылы Петербургтегі әскери-дәрігерлік академияны бітіріп шығады. 1914-1915 ж. 1-дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1917 ж. Ташкент жұмысшы және солдат  депутаттарының облыстық, кейін өлкелік Советінің мүшесі, 1919-1920 ж. Түркістан АКСР-інің денсаулық сақтау, жер-су шаруашылығының комиссары, 1921-1922 ж. Түркістан АКСР-інің Мәскеудегі тұрақты өкілі, ұлт істері жөніндегі РСФСР Кеңес халық комиссариатының коллегия мүшесі. 1924 ж. РКП(б) Ортаазиялық бюросы құрамына сайланады. 1925 ж. - хатшының орынбасары және БОАК Президиумының мүшесі. 1927-1928 ж. Мәскеудегі Н.Нариманов атындағы Шығыстану институтының директоры, Мәскеу Мемлекеттік университетінің профессоры, 1928-1931 ж. Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) алғашқы ректоры, 1931- 1933 ж. Алматы медицина институтының (қазіргі С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті) ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры қызметтерін атқарды. 1933-1937 ж. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы төрағасының орынбасары болды, ғылыми кеңес пен насихат, тарих-археология және қазақ сөздігін жасау комиссияларын басқарды, ұлттық мәдениет жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институты тарих секторының меңгерушісінің қызметін атқарды. Зерттеуші-филолог және жазушы Қазақстан тарихы туралы көптеген еңбектердің авторы, Шығыс халықтарының өмірі туралы "Әлем шатыры" атты повесін, қазақ ұлтының мәдениеті жөнінде мақалалар жазды. 1937 ж. репрессияға ұшырады, 1958 ж. ақталды.  Ғалымның есімі 1989 жылы Алматы медицина институтына және көшеге берілді. Тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылған.

   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан С.Асфендияровтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ер есімі ел есінде» және С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық  медицина университетінің кітапхана қорынан «Алаштың ардағы» атты көрмелер ұйымдастырылды.

   Кешті Ұлттық кітапхана бас  директорының бірінші орынбасары Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, «Интеллект Орда» Халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ықпалдастыру институтының бас директоры Мәжитов Саттар Фазылұлы іс-шараны жүргізді.

   Іс-шарада сөз сөйлегендер: Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, докторант, санжартанушы А.Жүнісбаев, С.Д.Асфендияров атындағы қазақ Ұлттық  медицина университетінің өкілдері: профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Ж.Г.Мустафина, әскери дайындық кафедрасының полковнигі М.К.Шушбаев, университет түлегі Қ.Құнанбаев, университет студенті О.Месов музыкалық сәлемдеме орындады.
   Іс-шараның соңында Санжар Асфендияров  туралы фильм көрсетілді.

   Қатысушылар: тарихшылар, қоғам қайраткерлері,  Алматы қаласының кітапханашылары, жоғары оқу орындарының студенттері, оқырмандар, БАҚ өкілдері.

  

   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование