KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887230
2019 жылы:  20945
бүгiн:  1
қазiр:  12
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.10.2014

   «Қазақстан кітаптары» және Мерзімді басылымдар бөлімдерінің оқу залдарында Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Қиқымұлы Жандосовқа  арналған «Заманынан асып туған» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Ораз Қиқымұлы Жандосов (1899-1938) 1899 жылы Жетісу облысы Шамалған болысының №7 ауылында  (қазіргі Алматы облысы Қарасай ауданы) туылған. 1908-1918 жылдары Верный ерлер гимназиясында білім алды. Қазақстанда Кеңес үкіметінің қалыптасуы мен нығаюына белсенді атсалысты.
 1918-1922 ж. - Верный үездік-қалалық кеңесінің нұсқаушысы, Жетісу облысының ұлттық істер жөніндегі бөлімінің меңгерушісі, Мұсылман ұйымы Уақытша Жетісулық бюросының төрағасы, 1922-1923 ж - Түркістан КП ОК-нің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1923-1924 ж - К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясының студенті, 1924-1928 ж - БК(б)П Қазақстан аудандық комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, ауылдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерделеу жөніндегі экспедиция жетекшісі, 1927-1929 ж. - КАКСР халық комиссары, Қазақстанды зерделеу жөніндегі қоғамғы Орталық басқармасының төрағасы.
   О.Қ.Жандосовтың қатысуымен Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орындарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. 1929-1931ж. – Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, 1931-1933 ж. - А.С.Пушкин атындағы Қаз КСР  Мемлекеттік көпшілік кітапханасының алғашқы директоры, Қазақ ауыл шаруашылығы институтының директоры, 1933-1934 ж. – БК(б)П Кеген аудандық комитетінің  бірінші хатшысы, 1935-1937 ж. – Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.
   КОКП-ның ІІ (1917) және VІ (1918) бүкілресейлік съездерінің және КСРО Кеңесінің VІІІ Төтенше съезінің делегаты (1936), КОКП-нің ХІІ және ХІV съездерінің (1925), V-VII қазақстандық өлкелік конференциясының БК(б)П (1925,1927,1930,1934), КП(б)К І съезінің делегаты (1937). Түркістан КП ОК бюросының, Казаймақком және оның бюросының мүшесі, Түркістан республикасы ОАК төралқасының және БОАК-нің мүшесі, КАКСР ОАК және оның төралқасының мүшесі болды.
   Ораз Жандосов ірі мемлекет және қоғам қайраткері ғана емес, сонымен қатар, көрнекті оратор және публицист, Қазақстанның және Түркістанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің мәселелерін жіті зерттеуші, аграрлық-шаруашылық және ұлттық мәселелерді білгір талант иесі.
   1937 жылы 30 шілдеде Ораз Жандосов антикеңестік қызметке қатысы барлығы үшін  айыпталып, тұтқындалды. КСРО Жоғары Соты Әскери алқасының үкімімен 1938 жылы 3 наурызда атылды. КСРО Жоғары Соты Әскери алқасының анықтауымен 1957 жылы 8 маусымда ақталды.   
   О.Жандосовтың құрметіне Алматы қаласында көше атауы беріліп, ескерткіш орнатылды.

   Көрмеде Ораз Жандосовтың өмірі мен қызметі туралы кітаптар, құжаттар жинағына жинақталған жарияланымдары мен баяндамалары, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование