KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887260
2019 жылы:  20975
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.10.2014

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысына қатысушы Рақымжан Қошқарбаевтың 90-жылдығына арналған «Көптен күткен жеңіс туы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылғы 19 қазанда Целиноград облысының Тайтөбе ауылында туылған. Мектепте жеті жылдық білімін аяқтағаннан кейін, Балхаш қаласының фабрика-зауыт училищесінде оқыды. 
  Ұлы Отан соғысына Р.Қошқарбаев 1942 жылы қолданыстағы қызыл әскерге шақырылған болатын. 1944 жылы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласындағы жаяу әскер училищесін бітіріп, қазан айынан бастап 1-ші Белорусь майданында взвод командирі болады. Польша және Германия елдерінің аумағында соғысты. Берлин операциясы кезінде батылдық пен ерлік көрсетіп, Рейхстаг ғимаратындағы шайқасқа қатысты. 1945 жылы 30 қыркүйекте Р.Қошқарбаев қатардағы Г.Булатовпен бірге  Рейхстагтың алдына кеңес туын тікті. Көрсеткен ерліктері үшін Р.Қошқарбаев пен  жауынгер Г.Булатов Кеңес Одағының батыры жоғары атағына ұсынылды.
   Майданнан оралғаннан кейін Р.Қошқарбаев бейбіт өмірге белсене араласып, еңбек етеді. 1947-67 жылдары Ақмола облысы атқару комитетінде нұсқаушы, Көші-қон жөніндегі  басқарма инспекторы, 1967 жылдан Алматы қаласында қонақ үй директоры қызметін атқарды. 
   Р.Қошқарбаев – «Жеңіс жалауы» (1978), «Штурм» (1983) және т.б. әскери естеліктердің авторы. Р.Қошқарбаевтың жауынгерлік жолы туралы «Қазахфильм» киностудиясы «Солдат победы» және «Штурм» атты  деректі фильмдер түсірді.
   КСРО-ның Қызыл Ту, І-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «За взятие Берлина» және «За освобождение Варшавы» медальдарымен марапатталған.
   Рақымжан Қошқарбаев 1988 жылы дүниеден өтті. 1999 ж. оған қайтыс болғаннан кейін Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі – «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Батырдың құрметіне Астана қаласындағы көшеге, Ақмола облысының Көши ауылындағы орта мектепке және Берлиндегі кеме жасайтын верфи бригадасының біріне аты берілді.

   Кітап көрмесінде Р.Қошқарбаевтың өмірі мен қызметі, жауынгерлік ерліктері, оның әскери естеліктері, мақалалары және мерзімді басылым беттерінде жарияланған достарының, туыстарының естеліктері ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование