KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887271
2019 жылы:  20986
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.10.2014

   2014 жылғы 20 қазан, сағ. 16.00-де Көрмелер залында Семей сынақ полигоны аумағындағы соңғы ядролық жарылыстың 25 жылдығына арналған Халықаралық  анти- ядролық «Невада-Семей» қозғалысының ардагерлері мен белсенділерінің кездесуі өтті.

   Осыдан 25 жыл бұрын, 1989 жылдың 19 қазанында көшбасшысы Олжас Сүлейменов бастаған Халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысы Семей полигонында жоспарланған 18 ядролық жарылыстың 11-ін тоқтатты. КСРО әскери-өнеркәсіптік кешені қуатты да айбынды күшке ие болып отырған сол уақытта бұл қаһармандық іс болатын. Бұл мемлекеттік жүйенің өзі осыған бейімделіп тұрған сол уақыттарда өзінің тегеуріні мен батылдығы жағынан да теңдессіз қадам еді. Олжас Сүлейменовтің қайыспас ерік-жігері, өжеттігі, тумысынан дарыған тұлғалық қасиеттері және өз халқына деген махаббаты осынау тең емес тайталаста жойқын әрі шешуші факторға айналды.
   1989 жылдың 19 қазанында ТАСС Семей полигонында қуаттылығы 150 килотоннаны құраған кезекті жерасты жарылысы туралы хабарлаған кезде осынау ізгілікті миссияны орындау үшін Олжас Сүлейменов халықтың қалың бұқарасы мен парламенттік дипломатияны кеңінен тарту орайында зор күш-жігер жұмсады. Қозғалыс Алматыда, Семей-де, Сараньда, Қарауылда, Мәскеуде наразылық митингілерін ұйымдастырды. Қарағанды мен Павлодардағы митингілерде КСРО Жоғарғы Кеңесіне Үндеу қабылданып, Семей ядролық полигонын жабу туралы мәселені шұғыл енгізу талап етілді.
   1989 жылғы 23 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясындағы өзінің атақты тарихи сөзінде Олжас Сүлейменов Семей ядролық сынақ полигонын дереу жабу туралы мәселені үзілді-кесілді қойды. Сондай-ақ кез келген келесі сынақ бүкіл Қазақстан бойынша жалпыхалықтық ереуілге ұласуға әкелетінін ескертті.
   Әскери-өнеркәсіп кешенімен қиян-кескі тайталастан, шахтерлердің ереуілдерінен, көптеген митингілерден, жұртшылық жиналыстарынан кейін, Қорғаныс өкілдерінен арнайы құрылған комиссиялар, шахтерлер комитеттерінің жұмысынан кейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің КСРО үкіметіне Семей полигонын жабу жөніндегі мәселені қарау туралы қабылдаған Үндеуінен кейін ақыр соңында КСРО Жоғарғы Кеңесі бірауыздан Қаулы қабылдады: «КСРО үкіметі Семей сынақ полигонын жабу туралы мәселені қарасын» деген.
   Бұл айтылғандар – 1989 жылдың 19 қазаны Семей полигонындағы ядролық сынақтардың халық денсаулығына орны толмас зиян келтіретін жауыздықтың соңғы күні болуы үшін Қозғалыс көшбасшысы атқарған ауқымды істер мен жұмсаған зор күш-жігердің кішкентай ғана бөлігі.
   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылуына 25 жыл атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Кешті белгілі ақын, жазушы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов жүргізді.
   Халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының іс-әрекетіне белсенді қатысқаны үшін қозғалыс ардагерлері мен белсенділері медальмен марапатталды және кітапхана ұжымына Құрмет грамотасы тапсырылды.

   Кеште М.Хамиев, Ә.Болатбек, Л.Гирш, М.Мұстафина, И.Елібаев және т.б. сөз сөйледі.

   Қатысушылар: мемлекет және қоғам қайраткерлері,  «Невада-Семей» қозғалысының ардагерлері мен белсенділері, Алматы  қаласының  кітапханашылары, кітапхана оқырман-дары, БАҚ өкілдері. 

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование