KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887238
2019 жылы:  20953
бүгiн:  1
қазiр:  20
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.10.2014

   8-12 қазан аралығында Франкфуртте жылсайынғы бүкіләлемдік «Frankfurter Buchmesse 2014» кітап жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке жұмысына Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры Асқар Әлібек Асылбайұлы қатысты.

   Франкфурт кітап жәрмеңкесі сансыз баспагерлердің, жазушылардың, кітапханашылардың, кітап сатушылардың, фильм продюсерлерінің, редакторлардың, аудармашылардың, әдебиетшілердің, иллюстраторлардың және басқа да көптеген мамандардың кездесу орны болып табылады.
   Кітап жәрмеңкесіне биыл 300 мыңға жуық қонақтар және әлемнің әртүрлі елдерінен мыңға жуық авторлар жиналды.  Жәрмеңкеде шамамен 100 елден жеті мыңға жуық экспоненттер өздерінің жаңалықтарын ұсынды. Форум бағдарламасына 3,5 мың шара – тұсаукесерлер, әдеби оқулар, ақын-жазушылармен кездесулер, пікірталастар, концерттер енгізілді.
   Осы жылғы жәрмеңкенің қадірлі қонағы Финляндия болды. Салтанатты ашылу рәсіміне  Финляндия президенті Саули Ниинистё және Германияның Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер қатысты.
   Жәрмеңкеге келушілерге «Художественная литература» баспасынан шыққан тәуелсіз Қазақстанның  замануи әдебиеті Антологиясының «Путь долог, но уверен шаг...» жаңа төртінші томы ұсынылды. Антологияға қазақстандық авторлардың үздік шығармалары жинақталған.
   Мерекелік шара аясында қазақ фольклорлық «Бабалар сөзі» жинағы 100 томдық басылымының тұсаукесер рәсімі болды. Жинақта үлкен, сондай-ақ кіші көлемдегі шығармалар – эпостар, дастандар, аңыздар және балалар ертегілері, халық әңгімелері, мақал-мәтелдер және т.б. ұсынылған. Басылым М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бірлесуімен Астана қаласындағы «Фолиант» баспасында жарық көрді. Институт мамандары жинаққа енген және көп жылдар бойы жинақталған, көне араб және жаңа араб қаріптерімен, латын әліпбиімен жазылған көп мөлшердегі қолжазбаларды,  материалдарды жүйеледі, ал баспа лайықты рәсімделген және полиграфиялық сапалы көптомдықты ұсынды.
   Салтанатты шараға Қазақстанның, Германияның, Түркияның, ТМД елдерінің жазушылары, ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері және Франкфурт кітап жәрмеңкесінің барлық келушілері мен қонақтары қатысты.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование