KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887313
2019 жылы:  21028
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.10.2014

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан белгілі қазақстандық жазушы, публицист және аудармашы Герольд Карлович Бельгердің 80 жылдығына арналған «Земля моей чести» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

  Герольд Карлович Бельгер 1934 жылы 28 қазанда Саратов облысының Энгельс қаласында поволжиялық немістердің отбасында дүниеге келген. 1941 жылдың күзінде Г.Бельгердің  отбасын басқа да немістермен қатар Қазақстанға жер аударды. 1953 ж. қазақ орта мектебін, 1958 ж. - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті) филология факультетін, 1963 ж. - осы институт жанындағы аспирантураны бітірген. Қазақстанда тұрып, еңбек етіп келеді.
   1958-1960 жж. Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы орта мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі, «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер болып жұмыс істеді. 1964 жылдан - жазушы, аудармашы, сыншы, прозашы. Неміс, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген және сол тілдерде жазады. 1971 жылдан - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 1992 жылдан - неміс тілді  «Феникс» альманахының бас редакторы.
   Г.Бельгер қазақ тілі мен әдебиетін зерттеуге үлкен үлес қосты. Көптеген романдар, повестер, әңгімелер мен әдеби-сыншылық жұмыстардың  авторы. Олар: «Сосновый дом на краю аула» (1973), «Даладағы шағала» (1976), «Живые предметы родства» (1981), «Гете и Абай» (1989), «Казахское слово» (2001), «Дом скитальца» (2003), «Казахские арабески» (2014) және т.б. Б.Майлин, Ә.Нұрпейісов, А.Жұбанов, Ғ.Мүсірепов және т.б. қазақ әдебиетінің белгілі классиктерінің бірқатар шығармаларын орыс тіліне аударған. Сондай-ақ, А.Реймген, Э.Кончак, Н.Ваккер және т.б неміс жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударған.
   «Казахские арабески» атты кітабы төрт бөлімнен тұрады. Қітапқа мақалалар мен эсселер, этюдтер (қадағалаулар мен пайымдаулар), әңгімелер, сондай-ақ жазушының БАҚ өкілдерімен сұхбаттары мен әңгімелері енгізілген. Кітапқа жинақталған материалдар өзгеше қазақи нақыш, ою-өрнек құрылымын жасайды. Г.Бельгердің шығармалары Қазақстанның тарихына, мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне шынайы махаббатпен терең бойлаған.
   Г.Бельгердің шығармашылығы жазушының шығыс және батыс мәдени дәстүрін біріктіре алатын және әдеби шығармашылықтың қатар жүретін үш түрін - аударма қызметі, проза және публицистиканы құрайтын еуразиялық дүниетанымына келісілген. 
   «Парасат» (1994), «За заслуги перед Федеративной Республикой Германия» (2010) ордендерімен және медальдарымен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының (1988), Бейбітшілік және рухани келісім Президенттік сыйлығының (1992), Қазақстан ПЕН-клубы сыйлығының (1996), тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының (2002), «Алтын Самұрық» жоғары журналистік дәрежелі сыйлықтың (2007) және т.б. лауреаты. Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдени қызметкері (1987), «Мәдениет қайраткері» номинациясында «Алтын адам» (2012). Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1994).

   Кітап көрмесінде Г.Бельгердің өмірі мен қызметі жайлы мәліметтер, оның қазақ, орыс және неміс тілдеріндегі шығармалары, әдеби суреттер, эсселер, жазушы-достары туралы  күнделік жазбалары енгізілген кітаптары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!        

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование