KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887244
2019 жылы:  20959
бүгiн:  1
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.09.2014

   2014 жылғы 17 қыркүйекте Ыстықкөл қаласында Қырғызстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 80 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында Еуразия кітапханалық ассамблеясының (ЕКА/БАЕ) XVI Жалпы жиналысы  өтті. 

   Кездесуге ТМД елдері ұлттық кітапханаларының директорлары мен мамандары қатысты, олардың ішінде: А.И.Вислый (Ресей мемлекеттік кітапханасы), А.В.Лихоманов (Ресей Ұлттық кітапханасы), Ж.К.Бакашова (Қырғызстан Республикасының Ұлттық кітапханасы), Ә.А.Асқар (Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы), Р.С.Мотульский (Белорусь Ұлттық кітапханасы), К.М.Тахиров (М.Ф.Ахундов атындағы Әзірбайжан Ұлттық кітапханасы), Г.А.Райкова (ЕКА-ның бас директоры) және т.б.
   Жиналыста ЕКА-ның қызметіне қатысты бірқатар маңызды мәселелер, соның ішінде «Вестник БАЕ» журналы туралы Ереже, Достастық кітапханаларының қызметтері туралы жылсайынғы тақырыптық жарияланымдар жоспары қаралды. Сонымен қатар, жиналысқа қатысушылар, ТМД қатысушы-мемлекеттері Парламентаралық ассамблеясының ең алғашқы біріккен жобасының бірі болып табылатын және ТМД елдерінің әртүрлі кітапханалары өздерінің салалық заңнамалары мен нормативтік актілерін дайындауда белсенді түрде пайдаланатын ТМД қатысушы-мемлекеттеріне арналған Үлгілік кітапханалық кодекске енгізілетін өзгерістерді талқыға  салды.
   Талқылау барысындағы өзекті мәселелердің бірі Ресей мемлекеттік кітапханасының негізінде ЕКА-ның Электронды кітапханасын құру жобасы болды.  Сондай-ақ, жиналысқа қатысушылар 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне ортақ іс-шаралар өткізу қажеттілігі туралы келісті. Жұмыс барысында ЕКА-ның 2013-2014 ж. қаржылық қызметі қаралды және 2015 жылғы ЕКА XVII Жалпы жиналысының өткізілетін орны мен уақыты белгіленді.

   Толық ақпаратты http://bae.rsl.ru/ сайтында көруге болады. 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование