KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887177
2019 жылы:  20892
бүгiн:  1
қазiр:  52
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.10.2014

   2014 жылғы 30 қазан, сағат 11.00-де Көрмелер залында тарих ғылымдарының докторы, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының доценті Ш.Ж.Тоқтабаеваның «Қазақтардың этикеті» атты монографиясының (2013) тұсаукесері өтті.

   Ұлттық ұқсастылықтың маңызды көрсеткіші, қазақ рухани мәдениетінің елеулі бөлігі – дәстүрлі этикет болып табылады.
   Қазақтардың өмір салты мен шаруашылық ұстанымының өзінділігімен байланысты дәстүрлі кинесикасы, ауызша ырғағы, құндылықты бағдарлары, моральдық-этникалық ықыластары этнография ғылымындағы өзекті, маңызды және қажетті зерттеу бағыты болып табылады.
   Қазақ этикеті (кинесикасы, мінез-құлық стереотипі, ауызша ырғағы, астарлап сөйлеу мәдениеті) құрылымының Еуразия және Шығыс халықтары дәстүрлерімен өзара байланысы бойынша жүйелендірілген және жинақталған материалдарды ғылыми айналымға енгізу – қазақтардың дәстүрлі мәдениетін кеңінен бұрынғы қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
   Ұсынылып отырған еңбек ғылыми-көпшілік мәнерде, көпшілікке арналып жазылған, белгілі бір дәрежеде мәселенамаға кіріспе іспетті. Бұл кітап болашақтағы тереңдетілген зерттеу ізденістеріне нысана болары әбден мүмкін.

   Тұсаукесердің модераторы: филология ғылымдарының докторы, профессор, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Ә.Б.Дербісәлі.
   Сөз сөйлегендер: Ә.Асқар, М.Әбусейітова, Ә.Төлеубаев, А.Тоқтабай, А.Ісмахова, К.Хафизова, Е.Тұрсынов.
   Тұсаукесерге: белгілі ғалымдар, тарихшылар, қоғам қайраткерлері, Алматы қаласының кітапханашылары, жоғары оқу орындарының студенттері, Ұлттық кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты.

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование