KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887289
2019 жылы:  21004
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.10.2014

   Өнер бөлімінің оқу залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 70 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – Қазақстан Республикасындағы алғашқы музыкалық жоғары оқу орны болып табылады. 1944 жылғы 24 шілдеде Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысы бойынша Алматы қаласында Мемлекеттік өнер институты ұйымдастырылған болатын. Кейіннен ол Мәскеу және Ленинград консерваторияларының үлгісінде Алматы консерваториясы болып қайта құрылды.
   1945 жылы оқу орнына ХІХ ғасырдағы қазақтың атақты халық композиторы Құрманғазы Сағырбаевтың есімі берілді. Консерватория құрамына тарихи-теория-композиторлық, вокалды, фортепианолық, хормен дирижерлік ету, халық аспаптары бөлімімен оркестрлік факультеттер, сонымен қатар опера студиясы мен ұлттық музыкалық аспаптар дайындайтын және ғылыми-тәжірибелік дайындық шеберханасы кірді.
   Консерваторияның алғашқы ғимараты 1938 жылы салынған музыкалық-хореографиялық комбинаттың бұрынғы ғимаратында болды. 60-шы жылдардың басында тағы бір оқу корпусы мен 42 репетиториямен, оқу және спорт залдарымен, тұрмыстық техникалармен, жаңа жиһаздармен жабдықталған  120 бөлмелі жатақхана салынды.
   2000 жылы консерваторияға заманауи ғимарат берілді. Жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттерінің қызметіне заманауи жабдықталған кең дәрісханалар, Үлкен концерт залы, Камералық зал, Кіші концерт залы, спорт және тренажер залдары, оқу залы, кластық абонемент, кітапхана және медиатека, компьютерлік кластар, интернет, телерадиокешен, баспахана, музыкалық шеберхана, асхана және тағы да басқа нысандар  берілді. Консерватория студенттері үздік жапон және неміс фирмаларының жаңа аспаптарында, сондай-ақ ішекті квартетке арналған электр аспаптарында дайындық жүргізеді.
   Қазіргі таңда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы музыкалық білім саласындағы мамандардың кәсіби дайындығын қамтамасыз ететін Қазақстан  Республикасының жетекші музыкалық жоғары оқу орны. Осы жылдар ішінде консерватория ұжымы тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де талап етілетін жоғары деңгейлі кадрлар даярлауда бірегей тәжірибе жинақтады. Жоғары оқу орнын біздің мемлекетімізді жақын және алыс шет елдерде лайықты таныстырып жүрген көптеген белгілі орындаушылар және өнер қайраткерлері бітіріп шықты. Консерватория түлектері еліміздің барлық музыкалық мекемелері мен шығармашылық ұжымдарында және одан тыс жерлерде еңбек етуде.
   Қазақ Ұлттық консерваториясы  Халықаралық пианистер байқауы, Халықаралық мастер-кластар фестивалі, «Наурыз-21» халықаралық заманауи музыка фестивалі, халықаралық камералық  музыка байқауы, «Асыл мұра» дәстүрлі музыка байқауы сияқты ірі халықаралық фестивальдар мен байқаулардың ұйымдастырушысы болып табылады.

   Көрмеде Ұлттық кітапхана қорынан Консерваторияның құрылуы мен дамуы  туралы, сондай-ақ консерватория түлектерінің шығармашылық қызметтері жайында материалдар ұсынылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование