KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887112
2019 жылы:  20827
бүгiн:  1
қазiр:  33
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.10.2014

   2014 жылғы 30 қазан, сағ. 15.00-де Көрмелер залында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, республикалық «Қазақ үні» газетінің президенті, «Құрмет» орденінің иегері, талантты ақын Қазыбек Исаға Сергей Есенин атындағы Алтын медальді тапсыру салтанаты өтті.

   Қазыбек Жарылқасынұлы Исаның «Керімсал», «Қызыл жыңғыл», «Тәтті шөл» сияқты бірқатар жыр жинақтары жарық көріп, әдеби қауымның жоғары бағасын алған. Көптеген республикалық жыр мүшәйралардың жеңімпазы атанған ақынның бір топ өлеңдері Мәскеудегі «Художественная литература» баспасында 2014 жылы жарық көрген «Антология казахской поэзии» жинағында жарияланған.
   Өз туындылары арқылы қазақ жұртының ғана емес, Ресейдің әдебиет саласы өкілдерінің де лайықты бағасын иеленген ақынға Мәскеудегі Халықаралық Жазушылар одақтары қауымдастығының (бұрынғы КСРО Жазушылар одағының мұрагері) Сергей Есенин атындағы Алтын медалін осы қауымдастық төрағасының орынбасары, жазушы Владимир Григорьевич Середин тапсырды.

   Кешті  Ұлттық кітапхананың бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы  Әлібек Асқар  құттықтау сөзбен ашты.

   Сөз сөйлегендер: В.Середин, А.Бөрібаев, Д.Исабеков, Т.Медетбек, Б.Сарбалаев, А.Перуашев, А.Әлім.

   Кешке Дулат Исабеков, Мұхтар Шаханов, Темірхан Медетбек, Исраил Сапарбай, Ибрагим Иса, Ұлықбек Есдәулет, т.б. еліміздің белгілі қаламгерлері мен қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, зиялы қауым мен өнер өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері,  кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты. 

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование