KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062045
2019 жылы:  127580
бүгiн:  1450
қазiр:  13
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.10.2014

   2014 жылғы 29 қазан, сағ. 16.00-де Үлкен залда ұлы орыс ақыны, прозашы, драматург М.Ю. Лермонтовтың 200 жылдық мерейтойына орай әдеби-сазды кеш өтті. Кеш Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы және Қазақстандағы Ресей ынтымақтастық өкілдігімен бірлесіп өткізілді.

   Іс-шараны Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығының консулы Переверзева Ирина Владимировна жүргізді. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Бас директоры Асқар Әлібек Асылбайұлы қатысушыларға қошеметін білдірді.
   Кеште филология ғылымының кандидаты, А.С.Пушкин атындағы медальдің иегері Светлана Викторовна Ананьева мен белгілі қазақстандық ақын, прозашы Валерий Федорович Михайлов сөз сөйледі. В.Михайловтың «Один меж небом и землёй» атты М.Ю.Лермонтовтың шығармашылық өміріне арналған биографиялық зерттеуі – ХХ ғасырдағы ең үздік ақын өмірбаяны болып танылған. Кітап Ресей мен Қазақстанда қайта шығарылып, орыс және әлем әдебиеті классигінің шығармашылығын кеңінен зерттеуге негізін салды.
Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрының әртістері М.Ю.Лермонтовтың 200 жылдық мерейтойына арналған әдеби-музыкалық композициясын кеш қонақтарына тарту етті. Сахна төрінен М.Лермонтовтың өлеңдеріне жазылған орыс композиторларының романстары, ақынның шығармаларынан үзінділер ұсынылды. Іс-шарада ақынға арналған слайд-шоу көрсетіліп отырды. 
Кеш аясында Ұлттық кітапхана қорынан «Лермонтовтың ақындық әлемі» атты көркемделген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде М.Лермонтовтың шығармалары, 1847 жылы шыққан басылымы, ақынның қазақ, татар, өзбек, неміс, француз және т.б. тілдерінде шыққан аудармалары және ол туралы әдебиеттер ұсынылды. Кітап көрмеде оқырмандар В.Ф. Михайлов туралы әдебиеттермен танысты.

  

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование