KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887081
2019 жылы:  20796
бүгiн:  1
қазiр:  4
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.11.2014

   2014 жылғы 3 қараша, сағ. 11.00 Ұлттық кітапхана фойесінде Қазақстан Жазушылар Одағының 80 жылдығына арналған кең ауқымды кітап көрмесінің ашылуы және фототілші Сайлау Пернебаевтың фотокөрмесінің тұсаукесері өтті.

   Жазушылар Одағының 80 жылдығы тек қаламгерлердің ғана емес, халқымыздың мәдени-рухани тойы. Жазушылар Одағы мәдени құндылықтарымызды байытуға, халқымыздың тілінің, дінінің бөлінбеуіне, ұлттық қадыр-қасиеттеріміздің сақталуына, елдік бірлік-берекеміздің нығая түсуіне елеулі үлес қосып келе жатқан шығармашылық ұйым.
   Бұл мерейтойдың кітапхана қабырғасынан басталуы заңды құбылыс. Өйткені, осы 80 жыл көлеміндегі жазушыларымыздың інжу-маржан шығармалары Ұлттық кітапханада жинақталған және сақтаулы.
   «Қазақстан Жазушылар Одағына – 80 жыл» атты кітап көрмесінде кітапхана қорынан 3000-нан астам кітап ұсынылған. Кітап көрмесі Одақтың қалыптасуы мен әр жылдардағы даму тарихынан бастап, туған әдебиетіміздің өсу жолдарын көрсететін 15  бөлімнен тұрады: «Жазушылар Одағының шежіресі», «Арыстар мен Алыптар»,  «Қазақстанның Халық жазушылары»,  «Әдебиет және дәуір тынысы», «Тәуелсіздік толғауы», «Өлең – сөздің патшасы», «Көркемсөз өнерінің Арулары», «Әзіл мен сатира», «Жас толқын»,   «Әдебиет зерттеу ғылымы», «Жазушылар Одағының басылымдары», «Әлем әдебиеті қазақ тілінде», «Шын достық шекарамен шектелмейді», «Қазақстан Жазушылар Одағы және Ұлттық кітапхана». Көрмеде қазақ әдебиеті классиктерінен бастап, халық жазушыларының шығармалары,  жас толқын қаламгерлердің, сондай-ақ қазақ тіліндегі әлем әдебиеті суреткерлерінің туындылары,  латын тіліндегі алғашқы кітаптар, сирек басылымдар, т.б. қазақ әдебиетінің жауһарлары ұсынылған.
   Сайлау Пернебаев (1939-2007 ж.) Қазақстан фотожурналистикасының қалыптасуына айрықша үлес қосқан, ғұмырының 40 жылдан астамын фототілшілік саласына арнаған қаламгер. Ол республикалық «Қазақстан мұғалімі», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде, сондай-ақ 1981 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін «Қазақ әдебиеті» газетінде фототілші қызметін атқарды. Қазақстан Журналистер одағының және Республикалық Кәсіподақ комитетінің сыйлығымен бірнеше мәрте марапатталған.
   С.Пернебайдың фотокөрмесінде  фототілшінің әр алуан тақырыптарды  қамтыған және әр жылдары республикалық газеттер мен  одақтың «Правда», «Известия», «Комсомольская правда», «Труд» газеттерінде жарияланған 80-нен аса фототуындылары ұсынылған.

   Көрменің ашылу салтанатында ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, жазушы Әлібек Асқар,  ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин, жазушы, филология ғылымының докторы, профессор Шерияздан Елеукенов, жазушы, «Жалын» баспасының директоры Бексұлтан Нұржекеев, фотожурналист, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы сөз сөйлейді.

   Салтанатты лента қию рәсіміне жазушылар: Шерияздан Елеукенов, Мумин Каноат, Марал Ысқақбай, Валерий Поволяев, Әнес Сарай және Нұрлан Оразалин қатысты.

   Рәсімнен кейін, қонақтарды көрмелермен таныстырып, кітапхана ішінде экскурсия өткізілді.
   Қатысушылар: белгілі Қазақстанның және ТМД елдерінің ақын-жазушылары, әдебиеттанушылар, жоғары оқу орындарының студенттері,  БАҚ өкілдері, т.б. 

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование