KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887100
2019 жылы:  20815
бүгiн:  1
қазiр:  22
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.11.2014

   2014 жылғы 6 қараша, сағ. 15.00-де Көрмелер залында Германиядағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен «Қазақстан кітапханасы» сериясымен неміс тілінде басылып шыққан кітаптардың тұсаукесері және Ұлттық кітапханаға салтанатты сыйға тарту рәсімі өтті.

   Қазіргі кезде Қазақстан мен Германияның мәдени-гуманитарлық саласындағы ынтымақтастық іргетасының бірі болып табылатын  Қазақстанның Германиядағы Елшілігі 2006 жылы «Қазақ кітапханасы» ұзақ мерзімді жобасын бастады. Бұл жобаның басты мақсаты – Еуропадағы халқы ең көп және әлемдік саясат пен экономика жүйесіндегі жетекші елдердің бірі саналатын Германияда қазақ жазушыларының шығармаларын насихаттау арқылы Қазақстанның бет-бейнесін көтеру. Жоба оқырмандардың қызығушылықтарын ескере отырып, қазақ авторларының кітаптарын неміс тілінде қайта шығарады. Біз Германияда қазақ әдебиетінің жинағын дайындау шетелде, германдық және еуропалық кең бұқара қауым арасында отандық әдебиетімізді насихаттауға жағдай жасайтынына сенімдіміз.
   Жобаның 8 жылы ішінде көрнекті қазақстандық қайраткерлер, жазушылар мен ақындардың шығармалары неміс тілінде басылып шықты. Атап айтқанда, мемлекет басшысының «Бейбітшілік кіндігі», «Қазақстан жолы», «Еуразия жүрегінде» кітаптары шығарылды. Абай «Қара сөздері», Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» І және ІІ томдары, сондай-ақ «Келіндер көтерілісі», Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Дүкенбай Досжанның «Жібек жолы», Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы, Тахауи Ахтановтың «Дала сыры»,  Олжас Сүлейменовтің «Минута молчания на краю света», Герольд Бельгердің «Дом скитальца», Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Умирающее море», Әбіш Кекілбаевтың «Минарет или Конец легенды» «Аңыздың ақыры»,  Фариза Оңғарсынованың «Көтергендей аспанды мен отырмын» және т.б. кітаптары жарияланды. Осылайша, неміс және еуропа оқырмандары қазақстандық әдебиеттің жауһарларына кең қолжетімділік алды.

   Модераторы: Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Ғазизбек Тәшімбай.
   Сөз сөйлегендер: Қазақстан Республикасының Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  Б.Т.Нүсіпов, белгілі ақын, жазушы және қоғам қайраткері,  Халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының президенті О.О.Сүлейменов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын – М.Райымбекұлы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын – С.Қалиұлы, жазушы, ғалым – Н.Ақыш, жазушы  - Ахметжан Ашири, «Олжас» баспа үйінің директоры, шығыстанушы -  С.Абдулло.
   Жаңа басылымдар Ұлттық кітапханаға сыйға тартылды.                                                                   
   Іс-шараға белгілі ақын-жазушылар, халық жазушысы, драматург, сыншы ғалым Тахауи Ахтановтың ұлы – Д.Тахауиұлы, қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың ұлы мен келіні – Ж.Мұқағалиұлы  мен Б.Мақатаева, әдебиеттанушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері және т.б. қатысады.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование