KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887162
2019 жылы:  20877
бүгiн:  1
қазiр:  50
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.11.2014

   2014 жылғы 7 қараша, сағ. 15.00-де Көрмелер залында қазақстандық авторлар тобының «Маугли. Жаңа өмір» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.

 

   Кітап Редьярд Киплингтің әңгімелері негізінде құрастырылған және ол Маугли хикаясының баламасы болып табылады. Алғашында кітап толықметражды фильмнің сценарийі ретінде жазылған, алайда жобаның продюсері Арман Сұраған оны жеке әдеби туынды ретінде шығаруға шешім қабылдады. Кітап сюжеті өткір де таңғажайып, мүлдем жаңа иірімдерге, кейде тіпті тым қатыгез мазмұнға да толы. Кітапта Киплинг әңгімелерінің тек ″тұлдыры″ ғана қалған.
   Кітап туындыгерлері шығармашылық пікірлестер алқасынан ұйымдасқан; оның құрамына атақты қазақстандық кинорежиссер Әмір Қарақұлов, сценаристер Жайық Сыздықов, Алена Гордеева мен Дмитрий Гордеевтер кірген. Туынды «сыни тұрғыдан ойлауға» негізделген дөңгелек үстел қағидасы бойынша жасалды: яғни оның сюжетіндегі барлық ой-тұжырымдар ұжымда талқыланып, бірлесе қабылданады.
   Бұл кітап ну орманда өскен баланың бәрімізге танымал хикаяты бойынша қиял әлемі ретінде ойластырылып жазылған. Повесть беттерінен сіздер өздеріңізге бала күндеріңізден есте қалған, бұрыннан таныс сүйікті кейіпкерлеріңізді кездестіресіздер. Ең бастысы, мұнда мектеп жасындағы және ересек оқырмандар үшін осы хикаятты тартымды да қызғылықты ететін көптеген жаңа кейіпкерлермен табысасыздар. Шығармада берілген Мауглидің басынан кешкен оқиғалары сан қилы.
   Кітапта суретші Сәбит Құрманбеков жасаған 30-дан астам ғажап сурет кескіндемелері берілген.

 

   Тұсаукесердің модераторы:  саясаттанушы, жазушы – Дастан Қадыржанов.

 

   Кітап тұсаукесерінде: кинорежиссер Әмір Қарақұлов, режиссер-сценарист Алена Гордеева, дизайнер Дмитрий Гордеев, режиссер-сценарист Жайық Сыздықов, суретші Сәбит Құрманов, бизнесмен, продюсер Арман Сұраған, ақын Бекнұр Кисиков, ақын, музыкант Ерлан Стамбеков, жазушы Әділет Құмар, ақын, ресторатор Мұхтар Тұяқбаевтар және киносыншы Гүлнар Әбікеева сынды Қазақстанға танымал көрнекті де белгілі тұлғалармен жанды, шығармашылық пікірталас өтті.
   Қатысушылар: белгілі ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, жоғары оқу орындарының студенттері,  БАҚ өкілдері және т.б. 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование