KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887113
2019 жылы:  20828
бүгiн:  1
қазiр:  34
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.11.2014

   2014 жылғы 5 қараша сағ. 11.00-де Көрмелер залында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитариясы негізінде Алматы қ. ҚХА Ғылыми-сарапшылар тобының (ҒСТ) төрағасы, философия ғылымдарының докторы Шайкемелев Мұхтарбек Сейд-Әлиұлының «Қазақ бірегейлігі» атты монографиясының таныстырылуы өтті.

   Ұйымдастырушылар: Алматы қ-сы Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы, Алматы қ-сы ҚХА Ғылыми сарапшылар тобы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.

   Монография авторы қазақ бірегейлігі түсінігін Қазақстан этностарының этностық мәдениеттерін жалғастырушы негізгі буыны бола алатын ежелгі түркі өркениетінің мұрагері – қазақтардың ашық және төзімді мәдениетінің өзіндік санасы ретінде ашады. Монографияда мемлекет құраушы этнос ретінде қазақ бірегейленуінің, оның барлық қазақстандық этностардың жалпы ұлттық мүддесінің азаматтық топтасуының негізі болуға тиісті тілі мен мәдениеті негізінде құрылған ұлттық-мемлекеттік құрылыс моделі Қазақстан үшін тиімді болып табылатындығы көрсетіледі.

   Іс-шара жүргізушісі – Алматы қ-сы ҚХА ҒСТ мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кан Георгий Васильевич.
   Іс-шарада сөз сөйлегендер: Алматы қ-сы ҚХА ҒСТ мүшесі, профессор Р.Қ.Қадыржанов, «Ирныхас» қалалық осетин мәдени-ағартушылық орталығының төрағасы, Алматы қ-сы ҚХА ҒСТ мүшесі К.В.Мамсуров,  түркімен мәдени-ағартушылық орталығының төрағасы Г.А.Аннакулиева, АҚ «Қоғамдық келісім»төрағасы Д.Махмутов.
Автор жаңа басылымды Ұлттық кітапханаға сыйға тартты.

   Қатысушылар: Алматы қ-сы ҚХА Ғылыми сарапшылар тобының жетекші сарапшылары, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғалымдары, Алматы қ-сы Әкімшілігінің және этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, ЖОО оқытушылары, БАҚ өкілдері, Ұлттық кітапхана оқырмандары және басқалар.

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование