KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062015
2019 жылы:  127550
бүгiн:  1420
қазiр:  136
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.11.2014

   Өнер  бөлімінің оқу залында «Қыз Жібек» қазақ операсының алғашқы қойылымына 80 жыл толу құрметіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Қыз Жібек – кейіпкер қыздың есімімен аталған халықтық лиро-эпостық дастан. 1934 жылы  Е.Брусиловскийдің музыкасына жазылған Ғ.Мүсіреповтің осы аттас алғашқы қазақ операсы  (либретто) Қазақ музыкалық театрында (қазіргі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры)  Ф.Кузьмичтің жетекшілігімен қойылған болатын. 
 Қыз Жібек туралы халық дастаны бақыт жайлы арманды білдіреді. Операның негізі – феодалдық құрылымнан туындаған өшпенділік күшімен арпалысқан Жібек пен Төлегеннің адал махаббаттары мен қайғылы қазалары. Сұлу Жібек бай әрі өктемшіл феодал Бекежанның құдалығын қабылдамайды. Ол тек өз сүйгеніне тұрмысқа шығады. Ең алғаш Төлеген Жібек туралы өз елінде жүргенде естіп, сұлуды іздеп шығады. Бірақ, Бекежан сатқындық жасап, Төлегенді өлтіреді. Қыз Жібек оған төзе алмай, өз өмірін қияды.
   Бұл қазақтың тұңғыш операсы. Оның музыкасы ұлттық фольклорға сүйенеді. Партитурада суырып салма ақындардың әуендері, халықтық дәстүрлі және еңбек шаттығы мен ойындар қолданылған. Бастапқыда шығармада және қойылымда рулық құрылыммен арпалысуда және тұрмыстың дәстүрлік жағына қызығушылықта құрып кеткен махаббат дастаны үйлесім тапты. Кейіннен композитор мен театр операның жаңа редакциясын жасады.
   Басты партияларды Қазақ КСР халық әртісі К.Байсейітова (Жібек), Қазақ КСР халық әртісі Қ.Байсейітов (Төлеген) және М.Ержанов (Шеге) орындады. Операға елудей қазақ вокалдық және аспаптық шығармалар, халық композиторларының (Үкілі Ыбырай, Мұхит, Жаяу Мұса, Тәттімбет) ән-күйлері, сондай-ақ «Гәкку» (Жібектің орындауында), «Алқара көк» (Төлегеннің орындауында), «Аққұм» (Бекежанның орындауында), терме (Шегенің орындауында) енді. «Қыз Жібек» операсының қойылуы қазақ музыкасының даму тарихында ерекше орын алды. Жібек рөлі (К.Байсейітованың орындауында) расында музыкалық орындаушылық шеберліктің жоғары үлгісі болып есептеледі.

   Көрмеде Ұлттық кітапхана қорынан кітаптар, нота басылымдары, компакт-дискілер, газет-журналдар ұсынылған.  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование