KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15061775
2019 жылы:  127310
бүгiн:  1180
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

31.10.2014

   2014 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Пәкістан Ислам Республикасының Елшісі Шаукат Әли Мукадам және Елшіліктің коммерциялық директоры Әділ Хан Мианкель жұмыс сапарымен келді.

   Сапар барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Бас директоры Асқар Әлібек Асылбайұлымен кездесу өтті. Кездесу аясында Пәкістан кітап бұрышының қызметін күшейту және дамыту жөнінде мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтас-тықтың алдағы жоспары бойынша келіссөздер жүргізілді. Бірлескен көпшілік іс-шараларды өткізу, екі елдің кітапхана мамандарының тәжірибе алмасу және тағылымдамадан өтулерін ұйымдастыру бойынша мәселелер қаралды. Пәкістан Елшілігінің атынан Пәкістан Кітап бұрышының табысты жұмысы үшін жаңа компьютер мен принтер сыйға тартылды.

   Қонақтарға Ұлттық кітапхана бойынша шолу экскурсия жүргізілді. Шаукат Әли Мукадам мырза кітапхананың қызметімен танысып, халықаралық мәдени байланыстарды кеңейту және дамыту жөнінде атқарылған жұмыстарды жоғары бағалады.

   

   


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование