KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887213
2019 жылы:  20928
бүгiн:  1
қазiр:  45
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.11.2014

   Әлем  әдебиеті  бөлімінің оқу залында атақты парсы және тәжік ақыны философы Әбдірахман Жәмидің (1414-1492) 600 жылдығына арналған  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Әбдірахман Жәми 1414 ж. ірі әрі беделді дін қызметкерінің отбасында туылған. Оның отаны Нишапураға жақын орналасқан Джам қаласы (солтүстік-шығыс Иран). Жәмидің шыққан тегі мен Герат және Самарқанд қалаларының медресесінде алған білімдері оның алдында аула маңындағы қызмет көзқарасымен келешекке жақсы жол ашты, алайда ол уақытта Жәмиді «накшбанди» сопылық орденінің идеологиясы қызықтыратын еді, біреулердің жігерлі қайырымдылық жасауға шақыруы оған үлкен әсер қалдырды. 1456 ж. орденнің қатардағы мүшесіне кіре отырып, Жәми Гераттағы шын мәнінде мұсылмандық Шығыста да үлкен беделі бар елдің астанасы болған қаладағы басшы қызметін иеленді.  
   Жәмидің  ертеректегі   шығармашылығы – «Золотая цепь» поэмасының 1-ші бөлімі  (1472 ж.). 1474 жылдан оның әдебиетші ретіндегі қызметінің гүлдену кезеңі басталды. Оның басы 1475 ж.  Ибн Синаның рационалистік ұстанымды мойындамауы жазылған  «Море тайн» және «Сияние духа» діни философиялық қасидаларынан  басталды.  1476-1478 ж. аралығында ол сопылық әулиелердің өмірбаяны енген «Дуновения дружбы из обители святости» жинағын құрастырды.
   1480-1487 ж. Жәмидің  қаламынан «Семь корон» атты циклді құраған поэмалар бірінен соң бірі шықты. Ол жинаққа «Саламан и Абсаль», «Юсуф и Зулейха» и «Лейли и Меджнун» поэмалары енді. 1481-1482 ж. жазылған  «Дар благородным» поэмасы  адамгершілікке арналған 20 өсиеттен тұрады. Бұл бөлімдерге «Четки праведников» (1482-1483 ж), поэма бөлімдерінің 2-ші және 3-ші «Золотая цепь», «Книга мудрости Искандара» (1486-1487) деген поэмалары енді. 
   Жәми шығармашылығының соңғы жылдары «Бахаристан» (1487) поэмасымен, үш  лирикалық  жинақтан тұратын  (1479-1491) және Музыка туралы трактоты поэмаларымен толықтырылды. Жәмидің шығармашылығындағы  адамгершілік бағыты парсы әдебиетінің ғана емес, ислам мемлекеттерінің моральдық этикалық дамуына ықпал етті. Жәмидің шығармашылығы парсының  классикалық поэзиясының кезеңін аяқтады. Ақын 1492 ж. 9 қарашада Герат қаласында дүниеден өтті.

   Кітап көрмесінде Ұлттық кітапхана қорындағы ежелгі ақынның шығармалары және ол туралы әлем тілдеріндегі әдебиеттер ұсынылған.

   Көрмені тамашалауға  шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование