KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062070
2019 жылы:  127605
бүгiн:  1475
қазiр:  12
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.11.2014

   2014 жылғы 14 қараша, сағ. 11.00-де Көрмелер залында филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, аудармашы Б.М.Жылқыбаевпен кездесу өтті.

  Берік Магисұлы Жылқыбаев 1933 ж. 22 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді. Ленинград университетін бітірген соң, 1957-1994 жж. аралығында С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетің филология факультетінде қызмет атқарды. 
  100-ден астам мақалалардың авторы. Еңбектері жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-әдістемелік жинақтардың беттерінде жарияланған. Қазақ классиктерінің әдебиеттерін орыс тіліне аударған: І.Жансүгіровтың өлеңдері мен поэмалары, М.Жұмабаевтың «Пайғамбар» дастанының үзіндісі, «Біржан мен Сара»  айтысы, «Қобыланды» дастаны және т.б. Б.М.Жылқыбаевтың ғылыми еңбектеріне «Казахстанская правда» газетінің беттерінде «Новый мир» «Простор», «Тамыр» т. б. журналдарда пікірлер мен рецензиялар берілген. Б.М.Жылқыбаевтың публистикалық мақалалары «Простор», «Тамыр», «Аманат», «Книголюб», «Новое поколение», «Мегаполис», «Эпоха», «Мысль», «Central Azia monitor»  және басқа да газет, журнал беттерінде үнемі жарияланып отырады.
   Ғылыми еңбектері: «Николай Асеевтің поэзиясы» (1967 ж) кандидаттық диссертациясы, «Стилистикалық жүйе және авторлық мәнмәтін» (1977 ж) докторлық диссертациясы. Монографиялары: «Сөздің стилистикалық қызметі», «Жас Асеев поэзиясының мәнмәтіні», «Авторлық мәнмәтіннің сыртқы және ішкі келбеті» және т.б.
   Іс-шара аясында Ұлттық кітапханасының қорынан «Берік Жылқыбаев» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Модераторы: филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім және ғылым министрлігі  М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Талдау және сыртқы әдебиет байланыстары бөлімінің меңгерушісі С.В.Ананьева.

   Сөз сөйлегендер: Н.Чернова, А.Жақсылықов, Р.Артемьева, С.Жансүгіров, Д.Нақыпов, К.Гайворонский, Н.Оразбек, Ү.Тәжікенова, А.Байділдина.

   Қатысушылар: жазушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, БАҚ өкілдері.

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование