KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887003
2019 жылы:  20718
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.11.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында белгілі парсы және тәжік ақыны Әбілқасым Фирдоусидің парсы әдебиетінің бүкіләлемдік ескерткіші болып табылатын ұлы «Шахнаме» поэмасына арналған  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Әбілқасым Фирдоуси – «Шахнаме» поэмасының авторы («Патшалар туралы кітап», немесе «Патшалар кітабы») шамамен 935 жылы  Шығыс Парсының Түс қаласында  ақсүйек-жер иеленушінің отбасында дүниеге келді. Оның балалық және жастық шағы жайлы ешқандай дерек жоқ, бірақ ол жақсы білім алып,  сол заманның екі тілін - негізгі әдеби араб және парсы тілдерін меңгергені белгілі.   
  Оның жастық шағы ирандық ақсүйектер бірнеше ғасырлық араб үстемдігінен кейін одан құтылып, халифаттың шеткері бөлігін қайтадан өз билігіне алған уақытқа тұспа-тұс келді. Бұл ежелгі иран аңыздарына және хабарларына қызығушылықты жаңғырту үшін алғы шарт болды. Мұндай көңіл-күйдің орталығы, өзінің шығу тегінің бастамасы Иранның мұсылмандыққа дейінгі патшасынан тәрізді Саманидтер әулеті басқарған Бұхара болды. Дәл осында әулетті басқарған «Патшалар кітабы» хабарын жасау туралы ой туды. Жұмысты ақын Дакики бастап, бірақ 1000 жолын жазғаннан соң, еңбек аяқталмастан дүниеден өтеді. «Патшалар кітабымен» жұмысты Фирдоуси жалғастырды (шамамен  976 жылдан) және оған өз өмірінің – 30 жылға жуық бөлігін арнады.
   «Шахнаме» – иран халықтарының ұлттық эпосы. «Патшалар кітабында» ерте заманнан VІІ ғасырдағы исламның енуіне дейінгі Иранның тарихы суреттелген.  Бір автордың қаламына тиесілі ең ұзақ поэма: көлемі «Илиада» мен «Одиссея» поэмаларын қоса алғанда екі есе көп, парсы-тәжік фольклорының үлкен жинағы топтастырылған. Тұтастай парсы тілінде жазылған Патшалар туралы кітап осы тілдің жаңғыруында маңызды рөл атқарды.   
   Фирдоуси поэмасы парсы әдебиетіне күшті екпін берді және осы уақытқа дейін ирандықтар «Шахнамеге» өздерінің аса ұлы ұлттық шығармалары ретінде қарайды.
   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 2012 жылы номинация ретінде ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» халықаралық тізіміне енгізу үшін, шығыс-түркі (шағатай) тіліне аударылған және кітапхананың сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында сақтаулы тұрған Әбілқасым Фирдоусидің «Шахнаме» шығармасын ұсынды. Бұл қолжазба 1859 жылы жазылып бітті.  Қолжазба XVIII ғасырдың 30-40 жылдары, Қазақстанның және  Шығыс Түркістанның көшпенді тұрғындары үнемі шапқыншылық пен жоңғарлардың қарақшылығынан азап шеккен «Ұлы кедейшілік» (Ақтабан шұбырынды) жылдары  Шығыс Түркістанда билігін жүргізген Жақып Қожаның өкімімен орындалды. Ақтабан шұбырынды жылдары Орта Азияның көшпенді тұрғындары ертедегі аңыз-әңгімелерді жинап,  ежелгі иран, араб кітаптарын аударды, жақсылықтың жамандықпен күресу ойын, бейнесін, сарынын  өздерінің өлеңдеріне пайдаланды. Фирдоусидің «Шахнаме» орасан зор өлеңді эпопеясының түрік тіліне аудармасы өз кезегінде қазақ халқын жоңғар экспансиясына қарсы наразылыққа шақыру болып табылды. «Шахнаме» идеясы  «Шахнаменің» негізгі ойы – туған елін дәріптеу, атамекенге шаттық әнұраны, шашыраған күштерді бірігуге шақыру болғандықтан, адамдардың санасына үлкен әсер етті.
   «Шахнаме» әлем әдебиетіндегі жазбалардың көрнекті ескерткіштерінің бірі, Орта Азия  көшпенді халықтарының  Ұлттық игілігі болып табылады.  «Шахнаме» поэмасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, ғылымда ғана емес, сондай – ақ  қалың  оқырман қауымның игілігіне айналды.

   Кітап  көрмесінде А.Фирдоусидің шығармалары, әдеби зерттелген поэмалары, ғылыми мақалалары, «Шахнаменің» көптеген әлем халықтарының тілдерінде әр жылдардағы басылымдары  қойылған. 

   Көрмені  тамашалауға  шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование