KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887053
2019 жылы:  20768
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.11.2014

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

  Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні кәсіби мереке болып табылады және Қазақстан Республикасында 15 қарашада аталып өтіледі. Қазақстан экономикасының басым салаларының бірі, үлкен әлеует пен қор тартылған – Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономиканың маңызды саласы болып табылады. Аграрлық сектордың деңгейі үнемі қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық саяси  тұрақтылығын анықтаушы факторын жасады және жасай береді. Елімізде соңғы он жылда агроөнеркәсіп кешенін және  ауылды дамыту мен қолдау барынша мемлекеттік және салалық  бағдарламалар қабылданды.
   Қазақстан дәнді және бұршақты дақылдар өндіру бойынша әлемдегі ең ірі мемлекеттердің бірі болып табылады. Елдегі түрлі климаттық жағдайлар  жылу белдеуінің барлық дақылдарын  өсіруге және мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. 
   Қазақстан Республикасы бай жер ресурстарына ие. Елдің солтүстігіндегі климаттық жағдайлар жаздық бидай, сұлы, арпа және басқа да көптеген дәнді дақылдар өсіруге, сондай-ақ көкөнісшаруашылығын дамытуға және темекі, зығыр, күнбағыс және тағы басқа техникалық дақылдар салуға және дамытуға қолайлы. Республиканың оңтүстігіндегі таулы алқаптарда және өзен аңғарларында, жасанды суару жағдайында мақта, қант қызылшасы, күріш, бақша және жүзім егістігі жақсы  жеміс береді.
   Қазақстанның табиғи жағдайлары, олардың көпқырлылығы мал шаруашылығының дамуына маңызды әлеуеттік мүмкіндіктер тудырады. Мұнда дәстүрлі түрде қой шаруашылығымен, жылқы шаруашылығымен, түйе шаруашылығымен және ірі қара өсірумен айналысады. Елдің орталық және оңтүстік-батыс бөлігіндегі шөлді және жартылай шөлді аймақтары малдың маусымдық жайылымы ретінде ал, жаз мезгілінде батыс және оңтүстік-батыс жайылымдары пайдаланылады.
   Ауыл шаруашылық жұмысшылары күні – егіс даласы және ферма еңбеккерлерінің, ауылшаруашылығы кәсіпорындарының, фермерлік шаруашылықтардың жетекшілері мен мамандарының, ғалым-аграрилердің,  ауыл зиялы қауымының, азық-түлік және  қайта өңдеу индустриясы қызметкерлерінің мерекесі. Бұл күні ауылшаруашылығы кешені қызметкерлерінің  республикалық форумдары, нан фестивальдары және т.б өтеді. Ерекше айрықшаланған қызметкерлерге мемлекеттік наградалар, мақтау қағаздары және сыйлықтар табыс етіледі.
   Кітап көрмесінде ауылшаруашылығы мамандарына, ғылыми қызметкерлерге, оқытушылар мен студенттерге арналған: Қазақстанның мал шаруашылығының, жеміс шаруашылығының өзекті мәселелері, егін егудің жаңа құрылымдары, суармалы егіншілік жүйесінің элементтері және т.б. материалдар ұсынылған. 

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование