KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887044
2019 жылы:  20759
бүгiн:  1
қазiр:  50
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.11.2014

   2014 жылғы 21 қараша, сағ. 11.00-де Көрмелер залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауына орай белгілі  ғалым-экономист, Парламенттің 4-дүркін экс-депутаты, академик, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ғалымдар Одағының Президенті Оразалы Сәбденнің «ХХІ ғасырдағы адамзаттың өмір сүру стратегиясының концепциясы» және «ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ» рухани-жаңа технологиялық кластерін құру Қазақстан қоғамын ізгілендіру жолы» мегажобаларының таныстыру лекциялары  өтті.

   1. «XXI ғасырдағы адамзаттың өмір сүру стратегиясының коцепциясы» жобасының жаңалығы, мақсаты және өзгешелігі мынада: егер ертеректе ғалымдардың, ғұлама ойшылдардың, Нобель сыйлығы иегерлерінің зерттеулері мен нәтижелері жекелеген маңызды салаларда, мысалы, физика, химия, медицина, әдебиет, бейбітшілік және экономика бойынша таңқалдырарлық жаңалық ашуларға негізделген болса, аталған жобада автор әлемде алғашқы рет постиндустриалды өркениетке өтуді құрайтын барлық алты базалық жүйе бойынша біртұтас концепциясын жасау және де осылар арқылы жерде де, космоста да адамзат өркениетінің тұрақты даму тыныштығын сақтау.
   2. «ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ» рухани-жаңа технологиялық кластерін құру Қазақстан қоғамын ізгілендіру жолы».  Бұл жоба Ұлы Жібек жолында шығыс пен батысты біріктіретін дүниежүзілік тәртіптің, рухани-мәдени, тарихи және жаңа технологиялық дамудың, қауіпсіздіктің аймақтық моделі ретінде ұсынылады.
   Мегажобаның негізгі миссиясы – тарихымызда тұңғыш рет бір аймақ мысалында ежелгі Түркістанды халықаралық деңгейдегі рухани астанаға айналдыру және екі аса ірі түбегейлі проблеманы ұштастырып, яғни, бір жағынан адамзаттың рухани дамуын, екінші жағынан, жаңа 6-технологиялық құрылысты үйлестіру арқылы, инновациялық даму мүмкіндігінің Қазақстандық жаңа үлгісін дүниежүзіне көрсету.
   Мегажоба қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде кітапша етіп басылып шықты.
   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан Оразалы Сәбденовтың өмірі мен шығармашылығына арналған  «Оразалы Сәбден» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде негізгі ғылыми еңбектері, монографиялар мен жарияланымдары ұсынылған және т.б.
   Модераторы ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы  Әлібек  Асқар.
   Сөз сөйлегендер: А.Османова, И.Исаев, О.Жатқанбай, С.Бекболатов, Ә.Сатыбалды, Қ.Ғабжалилов.
   Қатысушылар:
белгілі экономистер, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының профессорлары, докторанттары, магистранттары, студенттері, Ұлттық кітапхананың оқырмандары, БАҚ өкілдері.

 

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование