KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887068
2019 жылы:  20783
бүгiн:  1
қазiр:  52
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.11.2014

   Мерзімді басылымдар бөлімінде «Оңтүстік Қазақстан» газетінің  90 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.     

   «Оңтүстік Қазақстан» газеті Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің мерзімді басылымдар органы. Газеттің алғашқы саны Түркістан Компартиясы  ОК-нің органы ретінде «Ақ жол» атауымен 1924 ж. 26 қарашада жарық көрген. 1925 ж. Қызылорда қаласында шыққан «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетімен біріктірілді. 1929 жылғы 1 шілдеден бастап Сырдария аймақтық партия комитеті мен атқару комитетінің «Ленин жолы» ретінде шығарылды. 1932 жылғы 12 наурыздан «Оңтүстік Қазақстан» атауымен шығарылады. Газеттің алғашқы шығарушылары мен редакторлары көрнекті қоғам қайраткерлері  Т.Рысқұлов, С.Қожанов, О.Жандосов, О.Исаев және т.б. Қазіргі уақытта газет аптасына үш рет шығады.
   Бүгінде,  бәсекеге қарамастан газет өз оқырмандарын сақтап, облыстың ақпараттық  кеңістігіндегі өзінің лайықты орнын ұстап тұруды  жалғастыруда. Газеттің таралымы 38 мың дана. Әр жылдары газет беттерінде Мархабат Байғұт, Ораз Жандосов, Міржақып Дулатов және Мұхтар Шаханов сияқты авторлар жарияланған.
   «Оңтүстік Қазақстан» газеті облыстың барлық әлеуметтік-саяси және мәдени–көпшілік өмірін  жан–жақты қамтитын басылым болып табылады.
     Мәдениеттің, саясаттың және ғылымның халық өмірімен тығыз байланыста болуына себепкер болады.
   Газет  білім,  ғылым, саясат, кино, театр, бейнелеу және қолданбалы өнер, сәулет саласындағы әр алуан тақырыптардағы көкейкесті   мәселелерді көтереді. Танымал адамдар мен өнер қайраткерлерінің мақалалары мен сұхбаттарын жариялайды, олардың шығармаларын қалың оқырман қауымға насихаттайды.             
   Көрмеде «Оңтүстік Қазақстан» газетінің әр жылдардағы басылымдары, газеттің тарихы мен өркендеуі туралы Қазақстан мерзімді басылымдарына жарияланған қазақстандық авторлардың мақалалары ұсынылды.                  

   Көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование