KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886998
2019 жылы:  20713
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.11.2014

   2014 жылғы 27 қараша, сағ. 11.00-де Көрмелер залында «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» атты кітап көрмесі ашылды.

   Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың егеменді, экономикалық тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу мен дамуы кезеңіндегі тарихи рөлін, қазақстандық қоғамды жаңғырту мен қайта құрудағы еңбегін кеңінен ашып көрсету.
   Көрме – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы жылдарының ерекше шежіресі. Жеті  бөлімді көрмеге қазақ, орыс және шет тілдеріндегі 3000-нан астам басылым қойылған. Онда  Тұңғыш Президенттің өмір жолы, жастық шағы, еңбекке араласқан жылдары, саяси және қоғамдық қызметі қамтылған. Сонымен қатар, Елбасы туралы әлем саясаткерлерінің ой-пікірлері, ақын-жазушылар шығармаларының топтамалары бар.
   Көрмеде республикалық «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Казахстанская правда», «Ленинская смена» және облыстық «Индустриальная Караганда», «Орталық Қазақстан», «Темиртауский рабочий», «Социалистическая Караганда», «Металлург», «Советтік Қарағанды» газеттерінде жарияланған Н.Назарбаевтың 1958-1969 жылдардағы алғашқы еңбек жолын қамтитын 30-ға жуық мақалалары ұсынылды.

   Көрменің ашылу салтанатында Ұлттық кітапханасының бас директорының бірінші орынбасары Б.Қ.Оспанова, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ш.Сариев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Ғ.Тәшімбай, белгілі зерттеуші, М.Х.Дулати қоғамдық қорының директоры М.Қазыбек  сөз сөйлеп, лента қию рәсімі өткізілді.

   Іс-шараға белгілі ақын-жазушылар, Алматы қаласы  «Жас-Отан» партиясының  мүшелері,  С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты. 

   Кітап көрмесі жыл соңына дейін ұсынылады.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование