KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887018
2019 жылы:  20733
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.11.2014

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің Ғалымдар залында  көрнекті ғалым, геолог,  Қазақ  КСР Ғылым академиясының академигі Григорий Никифирович Щербаның 100-жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Григорий Никифирович Щерба (1914-2001) 1914 жылы 30 қарашада Хмельницкий облысының Книжковцы селосында (Украина)дүниеге келген. Еңбек жолын 16 жасында Әулие-Ата қаласындағы (қазіргі Тараз қаласы) Қазақ геология тресінің геология базасында коллекторлық қызметтен бастаған. 1934-1937 ж. Алматы қаласындағы Қазақ тау-кен институтындағы оқуымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының Қайыңды, Көккөл геологиябарлау партиясында, кейінірек КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінде прораб және кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.
   1937-1948 ж. Г.Н.Щерба «Қазцветметразведка» трестінде аға инженер, кейіннен бас инженер болып істейді. 1974 жылы аспирантураны аяқтағаннан кейін, Ақшатау сирек металл кен орны бойынша кандидаттық диссертациясын, ал 1951 жылы – нарым гранитоидтары бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғайды. 1948-1955 ж. – Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ КСР ҒА Геология ғылымдары институтының  аға ғылыми қызметкері, 1955-1958 ж. - сирек металдар  секторының  меңгерушісі, 1958-1960 ж. – директордың орынбасары, 1982-1987 ж. - бөлім меңгерушісі, 1987-2001 ж.  Қазақстан ҒА Қ.И.Сәтпаев атындағы геология ғылымдары институтының аға ғылыми қызметкері болды.
   1955-1958 жылдары ғалым ауқымды іздеу және барлау жұмыстарының нәтижесінде, геология және сирек металл кен аймақтарының құрылымы мен кен орындары бойынша егжей-тегжейлі зерттеулер жүргізгені, сирек металдарды болжау карталарын құрастырғаны үшін Ленин сыйлығын иеленді (1958).
   1961 жылы жемісті ғылыми еңбегі үшін Г.Н.Щербаға Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер және профессор атағы берілді. 1970 жылы ол корреспондент мүшесі, ал 1972 жылы – Қазақ КСР ҒА академигі болып сайланды.
   Институттың ғылыми-өндірістік зерттеулерді жүргізу бойынша дәстүрін жалғастыра отырып, ғалым осы жерде ірі кен белдеуін орнатумен аяқталған Успенский аймағын кешенді зерделеуді бастайды. Бұл зерттеулердің нәтижесі алты томдық монографияға жарияланды. 1972 жылы Г.Н.Щерба осы еңбегі үшін Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығын иеленді.
   Ғалымның ғылыми қызметкерлер дайындаудағы қызметін ерекше атауға болады: 6 доктор және 30 ғылым кандидаты. Орталық Қазақстан және Қалба-Нарым сирек металл белдеуінің гранитоидтар петрологиясы мен сирек металды металгенийі бойынша елімізде және шетелдерде  жоғары бағаға ие болған 330-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы. Орталық Қазақстанның алғашқы металлогеникалық-болжау карталарының бірлескен авторы болды. Ол жер қыртысының баспалдақты дамуының жаңа ғылыми бағыттарын дәлелдеді және оннан астам кен орындарын айқындады, оның көмегімен жаңа кен белдеулері (Успенский, Шу-Іле, Жарма-Сауыр және т.б.) ашылды. Көптеген халықаралық геологиялық конгрестерге, симпозиумдарға,  мәжілістерге белсене қатысты.   
   Жемісті ғылыми қызметі мен ғылыми кадрларды дайындағаны үшін Г.Н.Щерба Еңбек Қызыл Ту және  «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен, «Түсті металлургия озаты» белгісімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мақтау қағазымен марапатталды. Ленин сыйлығының лауреаты (1958), Қазақ КСР  Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972), КСРО Мемлекеттік сыйлығының  лауреаты (1985). Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері (1961).

   Кітап көрмесінде ғалым Г.Н.Щербаның өмірі мен қызметі жайлы материалдар, оның ғылыми еңбектері, монографиялары және мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз! 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование