KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887001
2019 жылы:  20716
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.11.2014

2014 жылғы 25-26 қараша күндері Ұлттық кітапхананың Бас директоры Әлібек Асқар «ХХІ ғасырдағы Еуразия кеңістігіндегі әдеби-көркем үдеріс» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты (Мәскеу қ.). Іс-шара – КСРО ыдыраған сәттен бастап осындай форматта алғаш рет, Қазақстан мен Ресейдің шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің кездесуі аясында өтті.

   Екі елдің зиялы қауым өкілдерінің кездесуі Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің бастамасымен және «Әдеби газеттің» жәрдемдесуімен өткізілді. Екі күндік жазушылар диалогында Олжас Сүлейменов, Нұрлан Оразалин, Юрий Поляков, Николай Анастасьев, Анатолий Ким, Лев Аннинский, Владимир Личутин және т.б. танымал әдебиетшілер, сондай-ақ ресейлік әдеби журналдардың бас редакторлары қатысты.  
   Екі елдің жазушылары Еуразия кеңістігіндегі заманауи әдеби үдерісті талқылады, заманауи қоғам өміріндегі бұқаралық мәдениеттің басымдығы, көркем шығармалардың сапалы аударылу маңыздылығы жағдайында,  әдебиет рөлінің арту жолы, жазушылар қауымдастығы өзара әрекетінің өзекті мәселелері туралы айтты, шығармашылық идеяларымен алмасты. 
   Кездесуге қатысушылардың пікірінше, оларға сындарлы және шығармашылық жолмен екі үлкен – Қазақстан мен Ресей әдебиеті диалогының барынша қажетті пішінін анықтауға бірлесіп жақындауды талқылаудың сәті түсті. Кездесуде олар халықтар мен мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікке қол жеткізу, ұлттық тілдерді, дәстүрлер мен руханиятты дамыту үшін әдеби алмасу қысқа да сенімді жол болып табылатынын бірнеше рет айрықша атап өтті.
   Екі елдің әдебиетшілері Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне және «Әдеби газетке» заманауи бастамалары үшін үлкен ризашылықтарын білдірді және басталған диалогты жалғастыруға берік ниеттері бар екенін айтты.  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование