KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062076
2019 жылы:  127611
бүгiн:  1481
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.11.2014

    2014 жылғы 28 қараша, сағ. 11.00-де Көрмелер залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі ережелері талқыланды. Кітапхана ұжымының алдында Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру үшін қазақстандық саясаткер, тарих ғылымдарының докторы Әзімбай Ғали сөз сөйледі. 

   Бас директор Әлібек Асқар осы шараның кітапхана үшін идеологиялық және кәсіби маңызы туралы кіріспе сөз сөйледі. Ол, Президенттің Жолдауы – республиканың қоғамдық өміріндегі барлық бағыттағы қызметтерді жүзеге асыру бойынша басшылық екенін атап өтті.
   Әзімбай Ғали, Мемлекет Басшысының 2015 жылға Жолдауы, жаһандық дағдарыс  кезеңіндегі Қазақстанның  тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық маңызы бар құжат ретінде тарихқа енгенін айрықша атап өтті. Ғалымдардың пікірінше, Ұлт Көшбасшысының жылсайынғы үндеуін дүниежүзілік қауымдастық та үлкен қызығушылықпен күтеді, Жолдаудың өзі талдауға, ойлауға, тұжырым жасауға бай азық беретіндіктен, шын мәнінде де, жетекші Орталық Азия мемлекеттерінің дағдарысқа қарсы шаралары әлемдік экономикада елеулі рөл атқаратындықтан, халықаралық құжат болып табылады. Оның айтуынша, Мемлекет Басшысы Жолдауда үндеген барлық шаралар, күмәнсіз азаматтардың өз елдеріне деген сенімдерін нығайтады, жарқын болашаққа деген сенімділік ұялатады.
   Ұлттық кітапхананың қызметкерлері өздерінің пікірлерін білдіріп, Жолдаудың өзі кітапханалық инновацияны енгізу бойынша ағымдағы жоспарлармен, жалпыұлттық кітап қорын сапалы қалыптастырумен және республикадағы кітапхана ісінің даму келешегімен тікелей байланысты екенін айтты.
   Президенттің Жолдауын талқылау идеясын Бас директор Әлібек Асқар: «Нұрлы жол» - бұл қазіргі жағдайда өте маңызды және қажетті стратегиялық құжат және осы маңызды бағдарламалық құжатта берілген сындарлы сынауды қолдай отырып, шын мәнінде, біз өзіміздің кәсіби бәсекеге қабілеттілігімізді қолдаймыз және жетілдіреміз, өмірлік іс әрекеттің барлық саласындағы  көрінетін өзгеріс көзге көрінерлік деп қорытты».

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование