KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15061912
2019 жылы:  127447
бүгiн:  1317
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.12.2014

   2014 жылғы 10 желтоқсан, сағ. 11.00-де Көрмелер залында Герольд Бельгердің «Избранное» кітабының тұсаукесер рәсімі автордың қатысуымен өтті.

   Қазақтардың көп қырлы өмірі мен ресейлік немістердің азапты жолы – прозашы, эссеист және публицист, бірқатар қоғамдық, әдеби және журналистік сыйлықтардың иегері Герольд Бельгердің басты тақырыбы осындай. Автордың  80 жылдығына орайластырылған бұл кітапта осындай сарындармен өрнектелген.
   Іс шараны жазушы, Ұлттық кітапхананың бас директоры Әлібек Асқар ашты.
   Тұсаукесердің модераторы: режиссер, сценарист, кинодраматург, жаңа кітаптың алғы сөзінің авторы және құрастырушысы Ермек Тұрсынов.

   Тұсаукесерде мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, ҚР ҰҒА академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Сартаев, ҚР ҰҒА академигі, ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор  Аманжол Қошанов, ақын, «Сибирские огни» журналының бас редакторы Владимир Берязев, ақын, жазушы, аудармашы Бақытжан Қанапьянов, жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабеков, ақын, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының иегері Ұлықбек Есдаулет, белгілі журналист, Пен-клуб президенті Бигелді Ғабдуллин және т.б. Қазақстандағы белгілі тұлғалармен жанды, шығармашылық әңгіме өтті.

   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан автордың шығармашылығына арналған «Герольд Бельгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қатысушылар: белгілі ақындар, жазушылар, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері.

  

  

 

   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование