KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15061713
2019 жылы:  127248
бүгiн:  1118
қазiр:  16
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.12.2014

   Өнер бөлімнің оқу залында Қазақстанның халық әртісі Қуат Төлековтің 100 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Қуат Төлеков (1914-1998 жж.) Жайық жағалауындағы кішкентай Қайыршақты ауылында туылған. Өзінің сахналық өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысудан бастады. 1938 жылы мұнайшылар мәдениет үйінің жанындағы театр студиясын бітірді. Қуат Төлеков әртіс қана емес, Махамбет атындағы Атырау облыстық драма театрының негізін салушылардың бірі, сонымен қатар театр құрылғанан бері директоры қызметін атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1950-1951 ж. Ленинградтағы театр, музыка және кино өнері институтының  жоғары режиссерлік курсында оқыды. Театр сахнасындағы алпыс жылдың ішінде әртүлі жанрдағы, алуан сахналық мінез-кейіптегі 200-ге жуық рөлдерін шынайы кескіндеді. Ол мәңгілік классикалық трагедиялар мен комедияларда және водевильдерде  рөлдерді нанымды орындады. Олардың ішінде: Петруччио  (У.Шекспир «Асауға тұса»), Доктор (Н.Хикмет «Елеусіз қалған есіл ер»), Ляпкин-Тяпкин  (Н.В.Гоголь «Ревизор»), Антип (М.Горький «Зыковтар») және т.б. Бірақ, сөзсіз актер шығармашылығының биік шыңы қазақ драматургиясындағы сомдаған ерлердің бейнесі болып табылады. Абай («Абай» М.Әуезов), Амантай («Ботагөз» С.Мұқанов), Исатай («Махамбет-Исатай» М.Ақынжанов) және басқалары. Режиссер ретінде де өз театрының сахнасында есте қаларлықтай бірқатар  қойылымдар қойды. Олар: Б.Майлиннің «Шұға», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек»,  Ш.Хұсайыновтың «Рәбиға»,  Т.Ахтановтың «Күтпеген кездесу» шығармалары. Қуат Төлековтің соңғы бір көрнекті рөлі - Қ.Мырзалиевтің «Жаралы жолбарысында» Лоджинскийдің бейнесі.
   Қуат Төлековке 1960 ж. «Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген әртісі», 1963 ж.- «Қазақ КСР-нің халық әртісі» атақтары берілді. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Атырау қаласының құрметті азаматы атағына ие болды.
   Көрмеде Ұлттық кітапхана қорынан Қуат Төлековтің өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование