KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887048
2019 жылы:  20763
бүгiн:  1
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.12.2014

   2014 жылғы 12 желтоқсан, сағ. 11.00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Ұлттық кітапхана фойесінде «Қазақ хандығына – 550 жыл» атты безендірілген кітап көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

   «2015 жылды ұлттық тарихымызды ұлықтау, бүгінгі белестерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы деп есептеу керек», - деген елбасы Н.Назарбаев келесі жылы Қазақстан Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ата Заңымыздың 20 жылдығын атап өтетіндігін мәлім етті.
   Көрменің мақсаты - қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихын, еліміздің өркендеуіне және нығаюына өмірі мен қызметін арнаған  көрнекті тарихи тұлғалардың еңбектерін және есімдерін оқырмандарға насихаттау.
   Алты бөлімді көрмеге қазақ, орыс, шет тілдеріндегі және сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорынан 3000-нан астам еңбектер қойылған.
   «Ұлы Дала мемлекеттері» бөлімінде сақ, сармат, ғұн, үйсін, қаңлы және т.б. ежелгі мемлекеттер жайлы әдебиеттер;
   «Тарихи зерттеулер» бөлімінде М-Х.Дулати, Ш.Уәлиханов, В.Бартольд, Л.Гумилев, М.Қозыбаевтың және т.б. белгілі тарихшылар мен зерттеушілердің еңбектері;
   «Қазақ хандығы» бөлімінде Қазақстан тарихы үшін белесті кезең - Қазақ хандығының құрылуына және хандарына арналған әдебиеттер;
   «Әдебиет және Тарих» бөлімінде мемлекеттік бағдарламамен шыққан 100 томдық «Бабалар сөзі», «Батырлар жыры», І.Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда», Ә.Кекілбаевтың «Үркер», Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз», С.Сматаев «Елім-ай», т. б. белгілі жазушылардың еңбектері; 
   «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» бөлімінде 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына арналған Қ.Табеевтің «Қазақтың Желтоқсаны, Б.Төлепбергеннің «Қасиеттім – Желтоқсан», М.Қозыбаевтың «1986 желтоқсан... дақпырт және шындық», т.б. кітаптар;
   «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан» бөлімінде Қазақстанның тәуелсіздігі, халықтың экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани өмірі, ел бірлігі, әлем таныған Қазақстан және Елбасының кітаптары, баяндамалары мен сөздері, жолдаулары мен үндеулері ұсынылған.

  Көрме аясында «Әбілхайыр хан» атты деректі фильмі (сценарийі - Асқар Әлімжанов, қоюшы режиссері - Қанат Есенаманов) көрсетілді.
   Көрменің ашылу салтанатында жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Бас директоры Әлібек Асқар, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, М.Х.Дулати қорының директоры  Мұхтар Қазыбек, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры-ның орынбасары  Нұрлан Ағыбаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлы,  тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, «Адал бизнес принт» баспасының директоры, Қазақстан тарихи даму диаграммасының авторы Әділбек Бегедаев сөз сөйледі.

   Іс-шараға белгілі тарихшылар, ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты.


 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование