KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886966
2019 жылы:  20681
бүгiн:  1
қазiр:  6
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.12.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында  «Ұлы Жібек Жолы және оның қайта жаңғыруы» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Ұлы Жібек Жолы —  Ежелгі және Орта ғасырдағы  Шығыс Азия мен Жерорта теңізін байланыстырып тұрған керуендік жол. Жібек жолы сауда бағыты ретінде б.э.д. III ғасырда пайда болып және XVI ғасырға дейін созылды. Жібек жолы бойындағы орналасқан көне сауда-саттық қалалар көптеген жойқын соғысты да, қиратуларды да, өртті де, аштық пен індеттерді де көрді. Олардың кейбіреулері ұрпақтарына тек атаусыз қирандылар қалдырса, басқалары өртке оранып, дүние салып жатты, бірақ та әлемді байлықпен таң қалдыру үшін көк күмбезді, нәзік өрнекпен тоқылып, қоңыр қызғылт түсті күйдірілген саздан жасалған кесенелер мен мешіттер қайта жанданды.
   «Ұлы Жібек жолы» термині  XIX ғасырдың соңында 1877 жылы  неміс тарихшысы К.Рихтгофеннің «Қытай» кітабы жарияланғаннан кейін тарихқа енді.  Бұл  ең  ұзын  және 7 мыңнан астам км құрайтын керуен сауда жолы болды.
   Ұлы Жібек жолы - Батыс пен  Шығысты байланыстырып  тұрған орасан зор сауда жолы ретінде көптеген бірегей қалалар, тарихи ескерткіштер, дәстүрлер, тіпті мемлекеттердің  пайда болуына себеп болды. Ол елдер арасындағы әртүрлі мәдениетті байланыстырушы ретінде маңызды рөл атқарды. IV-IX  ғасырларда халықаралық сауда желісін шығыста соғдылар және батыста еврейлер-рахдониттер қолдады. Орталық Азия, шығысында Қытай мен Үндістан арасында орналасса, батысында еуропалық әлеммен, солтүстігінде Еділ мен Сібір, оңтүстігінде Парсы және Арабиямен, шамамен екі мың жыл әлемдік өркениет пен мәдениеттің ұлы сауда жолының қиылысында тұрды. Көп нәрсе біз үшін тарихта сақталмаған. VI-VII ғасырларда Қытайдан батысқа қарай  Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін айрықша сауда жолы болды. Жібек жолының ерекше гүлденуі Орталық Азия мен Қазақстан аумағында VIII-XII ғасырларда өтті. Жібек жолының бағыты қатып қалған бағыт емес еді, ғасырлар бойы әр түрлі себептерге байланысты өзгеріп отырды, ең көп маңыздысы оның бөліктері мен тармақтары алынып отырды. Орасан зор аумақ ғасырлар бойы осы жолмен жылжып, әлі күнге дейін асықпай басқан түйе керуендерінің қадамдарын еске түсіреді. Бұл жолдың бойында тарихи сәулет ескеркіштері, қала құрылысы  және мәдениеттің бірегей жиынтығы ұсынылған.  
   Бүгінгі күні Ұлы Жібек жолы барлық оның ежелгі қалпында қайта жаңғырып, әлем картасында пайда болды. 3-ші мыңжылдықтың басы жас та, жігерлі ұрпақтың өз ата-бабасының дәстүрін дамытуда, халықаралық қарым-қатынаста белсенді өсу әлеуеті дамып келеді. Егер Ұлы Жібек жолының едәуір бөлігі еліміздің оңтүстік өңірлерінің тарихи қалалары мен ескерткіштері аумағы арқылы өтсе, ал бүгін, құрылысы қазірдің өзінде басталған Халықаралық трансқұрлықтық дәліз «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» Қазақстан Республикасының сол ежелгі қалалары мен тарихи жерлері арқылы өтеді. Жоба барысында 32 еуропалық және азиялық елдер, оның ішінде Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан 14 мың км Трансазиялық жол құрылысын салу туралы келісімге қол қойды. Ол Атлант және Тынық мұхит елдерін байланыстыратын болады. Дүниежүзілік сауда ұйымы мен ЮНЕСКО-ның мәліметтері бойынша, 2020 жылы Ұлы Жібек жолы бүкіл әлемдік саяхатшыларды қабылдайтын маршрутқа айналады. Қазақстан ТРАСЕКА, «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» («Солтүстік-Оңтүстік»), Ортаазиялық  дәліз, Трансазиялық темір жол сияқты халықаралық көлік дәліздерінің белсенді мүшесі болып табылады.
   Интеграциялық кұрылым мен халықаралық ұйымдар аясында көршілес елдермен ынтымақтастыққа  қол койылды, атап айтсақ ШЫҰ, ТМД, ЕЭО, ЕЭК, БҰҰ ЭСКАТО, СПЕКА, ЦАРЭС және басқалары.
   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан тарихи және қайта жаңғырған  Жібек жолы жайлы әдебиеттер мен материалдар орыс, қазақ, жапон, ағылшын, қытай тілдерінде қойылды.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование