KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886973
2019 жылы:  20688
бүгiн:  1
қазiр:  13
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.12.2014

   2014 жылғы 19 желтоқсан, сағ. 15.00-де  Көрмелер залында филология ғылымдарының докторы, профессор, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Дербісәлі Шейх Әбсаттар қажының «Қауам ад-дин әл Итқани (Иқани) әл-Фараби ат-Түркістани (1286-1357): Өмірі мен мұрасы» атты кітабының тұсаукесері өтті.

   Кітапта орта ғасырдың көрнекті ғалымдарының бірі, қазақ қаласынан шыққан Қауам ад-дин әл-Итқани (Иқани) әл-Фараби ат-Түркістани өмірі мен қызметі суреттеледі. Автор осы майталман таланттың өмір жолы мен шығармашылық мұрасын көптеген араб тарихшыларының, өмірбаяншыларының жазба шығармаларына сүйене отырып баяндайды. Ол, сонымен қатар Мысырдың, Түркияның және т.б. кітапханаларында сақталған қолжазба шығармаларын пайдаланды.
   Кітап шығыстанушыларға, исламтанушыларға, дінтанушыларға, тарихшыларға, филологтарға, мәдениеттанушыларға, сонымен қатар орта ғасыр халқының жазба мәдениетінің тарихына қызығушы қалың оқырман қауымға арналған.

   Ісшараны Ұлттық кітапхананың Бас директорының 1-ші орынбасары  Б.Қ.Оспанова ашты.
   Модераторы - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, ҚР Ғылым Академиясының құрметті академигі Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы.
   Тұсаукесерде сөз сөйлегендер: К.Шамсудин, Ж.Әлтаев, А.Ісмақова, Ә.Көпішев, С.Мажитов, Д.Ысқақ, М.Малбақов, С.Дәуітов және т.б.
   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан автордың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Қатысушылар: тарихшылар, шығыстанушылар, филологтар, белгілі ақын-жазушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері. 


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование