KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887071
2019 жылы:  20786
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.12.2014

   2014 жылғы 22 желтоқсан, сағ. 11.00-де Көрмелер залында Қанат Тасибековтың «Ситуативный казахский ІІ т., Диалоги» кітабының тұсаукесері өтті.

   Бұған дейін, автордың «Ситуативный казахский І т., Мир казахов» деп аталатын кітабы 15 000 дана тиражбен жарық көріп, қазақстандық бестселлерге айналған. «Эксперт Казахстан» интернет-порталының әлеуметтік зерттеуі бойынша Қазақстан халқының ұлттық дүниетанымын көрсететін 100 кітаптың қатарына енген (http://expertonline.kz/a10759/). Автордың өзі қазақ тілін үйретудің әдістемесін дамытқан еңбегі үшін «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапатталған.
   «Ситуативный казахский ІІ т., Диалоги» кітабы аты айтып тұрғандай, оқулықтарға арналған жасанды тақырыптағы диалогтардан тыс, нағыз өмірде кездесетін ситуациялық жағдайдағы сұхбаттарды қамтиды. Мысал ретінде айтсақ: мемлекеттік тіл жайлы, трайбализм жайлы, “қазақы ислам” жайлы, ұлттық мәселе төңірегінде, шала-қазақтар туралы, ұлтаралық неке жайлы, ЕурАзЭК кіру туралы, Астана және Алматы туралы.
   Кітап, жалпы, оқырман қауымда әр түрлі жағдайларда кездесетін осындай сұхбаттарымен баурайды.

   Іс-шараны «Караван» газетінің корреспонденті Жанар Канахина және «Салт-дәстүр сөйлейді» кітабының авторы Санжар Керімбай жүргізді.

   Тұсаукесер кезінде қазақ тілін үйретудің тың әдістері бойынша қызықты әрі еркін пікір алмасулар болды.

          

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование