KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887032
2019 жылы:  20747
бүгiн:  1
қазiр:  53
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.12.2014

   Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында «Брокгауз бен Ефрон» баспасының құрылғанына  125 жыл толуына  орай кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

   Брокгауз (Брокхауз) (Brockhaus) Фридрих Арнольд (1772-1823), неміс баспагері, баспаханашы, кітап сатушы. 1805 ж. Амстердамда (одан кейін Альтенбург пен Лейпцигте) неміс баспа фирмасының негізін қалады. 1890 ж. “Брокгауз” фирмасы петербургтік баспагер И.А. Ефронмен бірігіп, Санкт-Петербург қаласында «Брокгауз бен Ефрон» баспасын құрды. «Брокгауз бен Ефронның энциклопедиялық сөздіктерін»  (1890-1907),  82 негізгі томын  және 4 қосымша жартылай томдарын шығарды.
   «Брокгауз бен Ефронның энциклопедиялық сөздіктері» - акционерлік баспа қоғамы шығарған революцияға дейінгі ең ірі орыс әмбебап энциклопедиясы. Алғашқы 8 томы И.Е.Андреевскийдің жалпы редакциялауымен, ал қалғандары - К.К.Арсеньеваның және Ф.Ф.Петрушевскийдің редакциялауымен шықты. Сөздіктерді жасауға сол кездегі ірі ғылыми күштер: Д.И.Менделеев, А.И.Бекетов, А.И.Воейков, Д.И.Анучин, Ю.М.Шокальский, Н.М.Книпович, А.О.Ковалевский, А.И.Советов және т.б. тартылды. Энциклопедия 121240 мақаладан, 7800 суреттен және 235 картадан тұрады.
   «Брокгауз бен Ефрон  энциклопедиялық сөздіктерінің»  толық мәліметтері – қоғам игілігі, ғылыми-техникалық тұрғыда және көптеген гуманитарлық мәселелерді айқындауда  энциклопедия қатты ескірсе де, ондағы көп мақалалардың  бұрынғыша  ерекше ақпараттық, мәдени және тарихи құндылығы бар. «Брокгауз бен Ефронның энциклопедиялық сөздіктерінде» әлемдегі ең үздік әмбебап энциклопедиялардың бірі ретінде тұрақты беделі бар. Ол немістің «Брокгаузына», француздың «Ларуссуына» немесе ағылшынның «Британикасына» жол берген емес, тақырыбының кең ауқымдығы және ең жаңа (XX жүзжылдықтың басына) ғылыми мәліметтерді мазмұндау тереңдігі жағынан ерекшелене отырып, олардан асып түсті.
   1899-1902 ж. 3 томдық «Брокгауз бен Ефронның кіші энциклопедиялық сөздігі» басылып шықты. 1907-1909 ж. оның 4 томдық екінші басылымы шықты. «Жаңа энциклопедиялық сөздігі» 1911-1916 ж. шығарылды, жоспарланған 48 томның 29 томы шықты.
Кітап көрмесіне  Ұлттық кітапхана қорынан «Брокгауз бен  Ефрон» баспасының әр жылдары басылған орыс және неміс тілдеріндегі сөздіктері мен энциклопедиялары  ұсынылған.

   Көрмені тамашалауға шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование