KZ     RU     ENG
Жұма, 04 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15062051
2019 жылы:  127586
бүгiн:  1456
қазiр:  14
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.12.2014

   2014 жылғы 23 желтоқсан, сағ. 15.00-де Көрмелер залында белгілі жазушы, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Қуандық Түменбайдың алты томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.

   Қуандық Түменбай 1955 жылы Қызылорда облысында туған. 1977 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті), 1990 ж. М.Горький атындағы Мәскеу әдебиет институтын бітірген. 1990-1998 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Жетісу», «Алматы ақшамы» газеттерінде корреспондент, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, кейін «Жалын», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі, «Қазақстан» баспасында бас редактор, Алматы халықаралық кәсіптер институтында оқытушы қызметтерін атқарды.
   «Жүрдек пойыз», «Жігіттің Көктөбесі», «Біздің үйдің солдаттары», «Тұңғиық», «Қой мен қойшы», «Көзбояуы жоқ көріністер» т.б. проза кітаптарының авторы. Қ.Түменбаевтың туындылары араб, орыс, неміс тілдеріне аударылған.
   6 томдық шығармалар жинағы «Айғаным» баспа үйінен жарық көрді. Алты томдыққа «Бекеттегі бейкүнәлар» романы, 15 хикаят, 74 әңгіме мен көптеген көз-бояуы жоқ көріністер циклі топтастырылған. «Көзбояуы жоқ көріністер» - қаламгердің өмірде көзбен көріп, көңіліне түйгендері.
   Көптеген хикаяттары кезінде «Жалын» баспасының жабық бәйгесінде басты жүлделерді жеңіп алса, «Депутат Аяз би» хикаяты «Астана-Бәйтерек» республикалық байқауында бірінші орынды иемденді. Көптеген әңгімелері «Сорос-Қазақстан» проза номинациясы бойынша жүлдегер атанды. 

   Іс шараны жазушы, Ұлттық кітапхананың Бас директоры Әлібек Асқар ашты.
   Тұсаукесерді Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Ахетов Мамай Қаниұлы жүргізді.
   Тұсаукесер рәсімінде Н.Жүсіп, Қ.Сәрсенбай, Ә.Қайырбек, А.Әлім, Ә.Меңдеке, Қ.Қожахмет, М.Райымбек, Ә.Сәрсенбаев, А.Жұмәділда және т.б. қатысып, сөз сөйледі.

   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан автордың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Қатысушылар: белгілі ақын-жазушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері.

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование