KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887074
2019 жылы:  20789
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.12.2014

   2014 жылғы 24 желтоқсан, сағ. 15.00-де Көрмелер залында Верный қаласының белгілі генерал-губернаторы Герасим Алексеевич Колпаковскийдің (1819-1896) 195 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

   Іс-шара Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығымен бірлесіп ұйымдастырылған.
   Дөңгелек үстелге ҚР Президент Мұрағатының, Мемлекетттік Орталық мұражайының қызметкерлері, мұрағатшылар, тарихшылар, өлкетанушылар, әдебиетшілер, суретшілер, Алматылық рухани семинарийдің оқушылары қатысты. Олар Г.А.Колпаковскийдің Жетісу өлкесін жайластыру жөніндегі қызметінің маңызы мен рөлі жайлы ойларымен бөлісті, ХІХ ғасырдың ірі тұлғасына арналған  жаңа тарихи деректер мен зерттеулер жайлы пікір алысты.  «Верненские истории» кітабының авторы Н.Букетованың сөйлеген сөзі көпшіліктің ерекше назарында қалды.
   Дөңгелек үстелдің Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулы, ҚР-ғы Ресей ынтымақтастық өкілдігі жетекшісінің орынбасары И.В.Переверзева жүргізді.
   Дөңгелек үстел өзінің қызметін қарапайым қызметшіден бастап, жоғарғы азаматтық және әскери генерал-губернаторымен инфантерия генералына дейін жеткен, шын мәнінде Жетісу өлкесінің ұйымдастырушысы болып табылатын бірегей тарихи тұлға Г.А.Колпаковскийге арналды. Г.А.Колпаковский Верный қаласын жайластыру комитетін құрып,  оны басқарды. Верный (Алма-Ата, Алматы) қаласы өзінің түзу және кең көшелерімен, қаланың нақты жоспарлауымен, көшелерді жөндеу және көгалдан-дыруымен, «қалалық-бақ» мәртебесімен осы адамға борышты. Соның кезінде ерлер мен әйелдер гимназиясы, балалар үйі және мектеп салынды.
Ұлттық кітапхана атты Верный қаласының тарихы мен Г.А.Колпаковскийдің өмірі мен қызметіне арналған сирек кітаптар мен жаңа басылымдар қорынан «Бірінші дала генерал-губернаторы» бірегей кітап көрмесін ұсынды, сондай-ақ Алматы қаласы мұражайының ұжымы мұражай қорынан Жетісудағы Г.А.Колпаковский қызметіне байланысты экспонаттардың көрмесін ұсынды.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование