KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887061
2019 жылы:  20776
бүгiн:  1
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.12.2014

   «Қазақстан кітаптары» бөлімінің оқу залында қоғам қайраткері және саяси, публицист, Алаш қозғалысына қатысушы Мұстафа Шоқайдың 125 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің жаршысы» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

 Мұстафа Шоқай (1889-1941) 1889 жыл 25 желтоқсанда Сырдария өзеніндегі   Петровскіге (қазіргі Қызылорда қаласы) таяу  жердегі Әулие - таранғыл ауылында дүниеге келген. 1910 жылы Ташкент гимназиясын үздік бітірді. Оқып жүрген кезінде қоғамдық-саяси қызметпен айналысты, Балқан соғыстарында Түркия жақ  мұсылман-студенттерінің қозғалысына  қатысты. 
 1916 жылы Ә.Бөкейхановтың ұсынуымен М.Шоқай IV Ресей Мемлекеттік Думасы  Мұсылман фракциясының хатшысы болып тағайындалды. Дума комиссиясының құрамында жұмыс істей жүріп, ол Түркістандағы ұлт-азаттық көтерілістің себептерін зерттеумен және соғысқа алынған қазақтардың  қайту мәселелерімен айналысты.  Түркістанға оралғаннан кейін бір жылдан соң М.Шоқай  азаттық  либералды-демократиялық қозғалысы көшбасшыларының бірі, «Шура-и-Ислами» («Ислам жақтастары кеңесі») партиясының жетекшісі және «Бірлік туы» («Знамя единства») газетінің редакторы болды.
   1917 жылғы 22 қарашада  Қоқанда М.Шоқайдың төрағалығымен өткен 4-ші Төтенше аймақтық мұсылман құрылтайына Қоқан  Республикасы деген атауға ие болған Түркістан автономиясын құру туралы шешім шығарылды.  Қоқан  Республикасының  үкіметінде ол Сыртқы істер министрі, сосын премьер-министр міндеттерін  атқарды. Осы жылдың  желтоқсанында Орынбор қаласында  2-ші Бүкілқазақ құрылтайы  өтті, онда Алаш автономиясын құру туралы шешім шығарылды және оның үкімет құрамы бекітіліп, оған М.Шоқай енді.
   1918 жылы қаңтарда қызылгвардияшылар жасағы Қоқанға басып кіріп, Қоқан автономиясын талқандады. 1918 жылдың көктемінде Ташкент қаласынан жасырын шыққан  М.Шоқай азамат соғысы жылдары  кеңестік билікке қарсы шыққан оппозицияның қатарына қосылды. 1921 жылы Стамбулға, кейіннен Парижге қоныс аударды. Мұнда «Дни» және «Последние новости» газеттерінде  қызмет істеді. 1927 жылы Заки Валиди Тоганмен бірге  Польша үкіметінің  қаражатына шығып тұрған  «Иени Туркестан», ал 1929 жылы  «Яши Туркестан» (Жас Түркістан) журналдарын құрды. Журнал беттерінде М.Шоқайдың Кеңес үкіметінің Түркістандағы саясаты және 2-дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар, сондай-ақ Түркістан халықтарының ежелгі тарихы мен мәдениеті туралы мақалалары жарияланып тұрды.
   Мұстафа Шоқай Бірыңғай Түркістанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресте идеолог,  орыс мәдениетінің керемет білгірі болды, ағылшын, француз,  неміс, түрік және араб  тілдерін  жетік меңгерді. Ресейдегі Азамат соғысынан бастап,  Екінші дүниежүзілік соғысқа (1921-1941) дейін  Францияға мәжбүрлі түрде қоныс аударды. 1940 жылы  неміс әскерлері Париж қаласына басып кірген соң,  М.Шоқай тұтқындалып, бірнеше ай концлагерге қамауға алынады. 1941 жылғы желтоқсанда М.Шоқай Берлинде  белгісіз жағдайларда қаза тауып, осы қаладағы мұсылман зиратына жерленді.
   Қазақстандық режиссерлер – «Зар, немесе Отанынан аластатылғандар» (2003), «М.Шоқай жолымен» (2011) атты деректі, «Мұстафа Шоқай» (2008) атты көркем фильмдер түсірді.  2001 жылы жары Мария Шоқайдың «Я вам пишу из Ножана» (Естеліктер, хаттар, құжаттар. 1958) естеліктері аударылып, шығарылды. Белгілі қазақ жазушысы Әкім Тарази «Мұстафа Шоқай» (2013) романын жазды. Париж  маңындағы Ножан-Сюр-Марн қаласының  Лафонтен  саябағында Мұстафа Шоқай 18 жыл өмір сүрген үйде оған ескерткіш тас қойылды. Саясаткердің 120 жылдығына орай Парижде ескерткіш орнатылды (2010). Оның есімі республиканың қалалары мен ауылдарындағы көшелерге берілді.

   Кітап көрмесіне Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметі жайлы материалдар, оның еңбектері және Мария Шоқайдың естеліктері ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование