KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886993
2019 жылы:  20708
бүгiн:  1
қазiр:  32
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.12.2014

   2014 жылғы 26 желтоқсан, сағ. 15.00-де  Көрмелер залында «Немат Келімбетов шығармашылығы және көркем әдебиеттің тәрбиелік мәні» атты жазушы, аудармашы, түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Немат Келімбетовты еске алу кеші өтті.

    Немат Келімбетов 1937 ж. Өзбекстанда дүниеге келді. 1959 ж. Ташкент қаражат-экономика институтын, 1966 ж. С.М.Киров атындағы Казақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1959-1961 ж. Қазақстан ҒА-ның Экономикалық ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, «Социалистік Қазақстан» газетінде (қазіргі «Егемен Қазақстан») әдеби қызметкер, 1970-1973 ж. Әдебиет, өнер және архитектура саласындағы Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы, 1976-1981 ж. «Қазақстан» баспасында редактор, 1981-1997 ж. Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогика университетінің профессоры, 1995-1996 ж. Алматы халықаралық журналистер институтында профессор, 1997-2002 ж. Қ.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасында профессор қызметтерін атқарды. Н.Келімбетов түркітану ғылымы саласында терең зерттеулер жүргізіп, түркі әдебиеті мен мәдениетіндегі көркемдік дәстүр жалғастығы мәселесін қарастырды.
   Автобиографиялық «Үміт үзгім келмейді» (1981), «Река жизни» (2005), «Жарлы емеспін, зарлымын» (2001) атты повестері жарық көрген. «Шәді ақын» тұңғыш зерттеу еңбегі 1974 жылы, кейін  «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» (1986), «Ежелгі дәуір әдебиеті» (1991), «Қазақ әдебиеті бастаулары» (1998), «Көркемдік дәстүр жалғастығы» (2000), т.б. іргелі зерттеу еңбектері жарық көрген. 100-ден астам ғылыми мақалалары жарияланған. Л.Гурунцтың «Шіркін біздің Шушикент» (1977), В.Козаченконың «Найзағай» (1979), С.Ахмаданың «Көкжиек» (1981), П.Қадыровтың «Жұлдызды түндер» (1986) романдарын және т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударған.
   СССР Жазушылар одағының (1990) және Қазақстан Жазушылар одағының (1994)  мүшесі.
   ҚР Құрмет граматосымен (2001), ЮНЕСКО аясында Ф.Кафка атындағы Еуропа қоғамының алтын медалімен марапатталған. Күлтегін атындағы сыйлықтың лауреаты (2005).
   Іс шараны жазушы, Ұлттық кітапхананың бас директоры Әлібек Асқар ашты.
   Модераторы – белгілі журналист, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Әбдрахманов.
   Іс-шара аясында Н.Келімбетовтің жаңа басылымдары: көптомдық шығармалар жинағы, сондай-ақ, парсы,  әзірбайжан, беларусь, өзбек тіл-деріне аударылған «Үміт үзгім келмейді» және  түрік тіліне  аударылған «Түркі халықтарының ортақ мұралары» атты кітаптардың тұсаукесері өткізілі.
   Лента кесу рәсімін Қазақстанның белгілі халық әртісі Сәбит Оразбаев және мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов өткізді.
   Кеште С.Оразбаев, М.Әуезов, М.Мырзахметов, Е.Обаев, С.Қасқабасов, С.Елубай, Ш.Ыбыраев, Ш.Аюпова, Е.Тілешов, Қ.Келімбетовтер және т.б. сөз сөйледі.
   Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Стамғазиев және актер, «Құрмет» орденінің иегері  Әміров Жоламан өнер көрсетіп, ҚР еңбек сіңірген әртісі А.Төлеубек және театр актрисасы Г.Тутованың орындауларында «Үміт үзгім келмейді» спектаклінен шағын көрініс көрсетілді.
   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхананың қорынан автордың шығармашылығына арналған «Руханият сыры мен рух жыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Жазушыны еске алу аясында 27 желтоқсанда М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында «Үміт үзгім келмейді» қойылымы көрсетіледі.
   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, белгілі ақын-жазушылар, тарихшылар, филологтар, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері. 

  

   

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование