KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887064
2019 жылы:  20779
бүгiн:  1
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.12.2014

   Өнер бөлімінің оқу залында «Абай» операсының алғашқы қойылымына 70 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Операның алғашқы қойылымы 1944 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың опера және балет театрында ұлы ақын Абайдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қойылды. Операның негізіне ақынның өмір тарихы алынған.
 Операның мазмұны мен кейіпкерлердің бір-бірімен қарым-қатынасы, шиеленіскен тартыс шиыршық атқан уытты музыка арқылы ашыла түседі. Операның жалпы музыкасы халық әндерімен әдемі жарасым тапқан. Абайдың кейбір ариялары мен ариозалары ұлы ақынның өз әндерімен үндес пайдаланылған. Операда ақын-гуманист, феодалдық қоғамның арта қалған дәстүрлеріне қарсы күрескердің шынайы бейнесі көрсетіледі. Операда жаңашыл жастардың бірі, Абайдың шәкірті - Айдар. Сүйенері жоқ, бірақ әділдікті көксеген, жолы түзу, дарынды жас ақын. Оның сүйгені Ажар да өзінің бас бостандығын аңсаған, сол үшін әділетсіздікке қарсы күресіп келе жатқан жағымды тұлға.
   Операға Абай әндері сәтті енгізілген. Абай бейнесін ашуға философиялық  мазмұны терең «Көзімнің қарасы» «Қараңғы түнде тау қалғып» сияқты әндер алынған. Образдың музыкалық шыңы 4-актідегі ақынның халық болашағына сенімді оймен айтылатын «Қайталқы» ариясы. Айдар партиясында «Айттым сәлем, Қаламқас», «Ұзын қайың» сяқты әндер пайдаланылған. Сондай-ақ, терме-желдірме сяқты (2-көріністегі билер соты), жоқтау сарынындағы (Ажардың Айдарды жоқтауы) халықтың ән мұрасы операда молынан кездеседі. Халықтың өзі операда жетекші әрекет иесі ретінде көрінеді. 
Либреттосы - М.О.Әуезовтікі, әні А. Жұбанов пен Л.Хамидидікі. Режиссері- Қ.Жандарбеков.
Абай партиясын бірінші орындаған Р.Абдуллин. Кейін бұл рөлдерді әр жылдарда Е.Серікбаев, Ғ.Есімов, т.б. белгілі әншілер орындады. Ажар партиясын Қ.Байсейітова, Ш.Байсекова, Р.Жаманова, Айдар партиясын Б.Досымжанов, Н.Қаражігітов, Ә.Дінішев орындады.«Абай» операсы қазақ композиторлары жазған, отандық және шетелдік сахналарда қойылып, ұлттық опера өнерінің қалыптасып, даму бағдарын айқындаған шығарма болды. 1958 опера Мәскеу қаласында қойылды.  1986 жылы Берлин мен Дрезден қалаларында үлкен табыстарға ие болды.

   Кітап көрмесінде Ұлттық кітапхана қорынан «Абай» операсы жайында нота басылымдары, әдебиеттер ұсынылған.


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование