KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886981
2019 жылы:  20696
бүгiн:  1
қазiр:  20
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.01.2015

   2015 жылғы 9 қаңтар, сағ. 15.00-де Үлкен залда ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдығына орай музыкалық-жыр кеші өтті.
   Іс-шара «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өткізілді.

   Кеш модераторы әнші, композитор Донеділ Қажымов
  

  Мырза Әлі Қадыр (1935- 2011) - аса көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы. Орал облысының (қазіргі Батыс Қазақстан облысы) Жымпиты кентінде туылған. 1958 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Университетті бітірген соң журналистік жұмысқа көп еңбек сіңіреді. "Балдырған" балалар журналының әдеби қызметкері болды (1958-1962), "Жұлдыз" журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшысы (1962-1965), "Жазушы" баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі (1968-1973), Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының меңгерушісі (1973-1978) болған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ұлттық саясат, мәдениет және тілдерді дамыту комитеті төрағасының орынбасары (1992), Қазақстан Республикасының халық депутаты болды (1994).
Оның тұңғыш өлеңі 1954 жылы республикалық «Пионер» журналында жарияланды. «Көктем» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1959 жылы шығарылды. Қадыр Мырза Әлі өзінің шығармаларын қазақ тілінде жазды. Оның біраз өлеңдері орыс, неміс, литва, эстон, қырғыз, татар және т.б. тілдерге аударылды. Орыс тілінде 13 кітап жарыққа шықты. «Инабат виноват» (1962), «Твой дом» (1976) өлең кітаптары мектеп және кішкентай мектеп жасындағы балаларға арналған. «Бессоница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1968, 1973), «Прапамять» (1975), «Верхняя струна домбры» (1976), «Ладони» (1979, 1984 кей мәліметтерде 1985), «Круг» (1979), «Нижняя струна домбры» (1985), «Красная книга» (1987), «Колчан» (1990) өлең жинақтары орта және жоғары мектеп жасындағы балаларға арналған.
Қазақстан Республикасының «І дәрежелі Достық» және «Парасат» ордендерінің иегері.

   Кеш аясында Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығына арналған «Зерделі жырдың зергері» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Кешке Қазақстанның халық әртісі Н.Нүсіпжанов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері А.Қосанова, ҚР еңбек сіңірген әртісі С.Жақанова, әнші, композитор Г.Дәукенова, Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі және т.б. өнер адамдары қатысты.

 

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование