KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887035
2019 жылы:  20750
бүгiн:  1
қазiр:  55
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.01.2015

   Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында ХХ-шы ғасырдың ең танымал чех жазушыларының бірі, прозаик, драматург, фантаст Карел Чапектің 125 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 К.Чапек Австро-Венгрия (қазіргі Чехия) аумағындағы Мале-Сватонёвице жерінде ауыл дәрігері отбасында дүниеге келген. 11 жасынан бастап К.Чапек Градце Краловадағы грамматикалық мектепке барды, осы жерде ол өзінің алғашқы естеліктерін жаза бастады, сондай-ақ оқушылардың астыртын газетіне ат салысты. Соңғы екі сыныпты ол Брнода аяқтап, 1904 ж. сәуірде «Воскресенье» апталығы оның алғашқы жарияланымдарын: «Простые мотивы» деп аталатын екі поэмасын басып шығарды. Прагада, Берлинде және Парижде философияны зерделеді. К.Чапек 1915 ж. Франция мен Германияға барып жүріп, осы уақытта Прагадағы Карлова университетінің философия факультетін бітірді. К.Чапек 1907 жылдан бастап басылды. Ағасы Йозефпен бірлесіп жазған көптеген алғашқы әңгімелері 1908-1913 жж. «Сияющие глубины» және «Сад Краконоша» жинақтарына енгізілді.
   Денсаулығына байланысты армия қатарына шақырылмады және граф Лажански отбасында қысқа мерзім гувернер болып жұмыс жасады. 1917 жылдың күзінен бастап «Национальная газета» газетінде журналист және сыншы болып жұмыс істеді, ал 1921 жылдан бастап «Народная газета» газетінде журналист, мәдени және саяси редактор болды. 1921-1923 жж. прагалық «Театр на Виноградах» драматургы болды және бейнелік мінездеменің реалистік нақтылылығымен, сондай-ақ лирикалық юмормен ерекшеленетін «Письма из Италии» (1923), «Письма из Англии» (1924) жолжазба очерктерін жасады.
20-шы жылдардың екінші жартысы 30-шы жылдардың басында К.Чапек кіші жанрлардың юморлық шығармаларын: «Рассказы из одного кармана», «Рассказы из другого кармана» (1929) жинақтарын басымырақ жазды. Белгілі библиялық көріністердің философиялық-юморлық қайта ой елегінен өтуі «Апокрифы» (1932) кітабы болып табылады. К.Чапекке әлемдік танымалдықты оның әлеуметтік-фантастикалық шығармалары («R.U.R.» драмалары 1920; «Средство Макропулоса», 1922; «Фабрика Абсолюта», 1922; «Кракатит», 1924 романдары) алып келді.
   Ол өзінің көзі тірісінде Чехословакияда және оның сыртында да үлкен атаққа ие болды: 1936 ж. әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының номинанты, 1925-1933 жж. Чехословак Пен-клубының негізін қалаушы және бірінші төрағасы, 1931 жылдан әдебиет пен мәдениет саласы бойынша Ұлттық Лига Комитетінің мүшесі болды. 1935 ж. Г.Уэлсом Халықаралық Пен-Клубының президенті лауазымына көтірілді. Әдебиет пен журналистикадан басқа әуесқой-фотограф ретінде де танымалдыққа ие болды. Оның «Дашенька, или Жизнь щенка » атты суреттер кітабы әскериаралық Чехословакияда ең жарияланымды  болды.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан автордың шығармалары мен ол туралы қазақ, орыс, чех, румын, поляк, француз, ағылшын және неміс тілдеріндегі әдебиеттер ұсынылған.

   Көрмені көруге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование