KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887028
2019 жылы:  20743
бүгiн:  1
қазiр:  52
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.01.2015

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында белгілі қазақ жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына арналған «Жұлдызы жарық жазушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Ілияс Есенберлин 1915 жылы 10 қаңтарда Ақмола облысының Атбасар қаласында туылған. 1940 жылы Алматы қаласындағы Қазақ тау-кен және металлургия институтын бітірді. Кеңес әскері қатарында болып, Ұлы  Отан соғысына қатысты (1940-1942). Жарақат  алғаннан  кейін  майданнан оралып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы болды. 
   Майданда жүргенде де әдебиет І.Есенберлин өмірінің шығармашылық мазмұны болды, ал оның еңбек жолы алуан түрлі. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің аппаратында, кейіннен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, Қазақ саяси баспасының редакторы болып қызмет атқарды, «Қазақфильм» киностудиясының сценарлық-редакциялық алқасының мүшесі; «Жазушы» баспасының директоры болып, Қазақстандағы осы ірі көркем әдебиет баспасының дамуына едәуір жағдай жасады. 1971-1975 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы қызметтерін атқарды. 
   І.Есенберлин өз шығармаларында үлкен қоғамдық маңызға ие мәселелерді көтерді, көптеген шынайы сұрақтарға  жауап табуға ұмтылды. Жазушы өз  кітабының беттерінде де, өмірдегідей  жалған патриоттықпен, ұлттық шектеулермен бітіспес күрес жүргізді.
Жазушы 1945 жылдан бастап өлеңдері мен поэмаларының жинағын жариялайды. Кейіннен өзін драматургияда сынап көреді, сосын тарихи тақырыпқа ойысады. 1969 жылы «Хан кене» романы, кейін «Көшпенділер» тарихи трилогиясын құраған «Алмас қылыш» (1971) және «Жанталас» (1973) романдары жарық көрді. Роман желісі ХV ғасырдан ХІХ ғасырдың орта шеніне дейінгі қазақ даласында болған оқиғаларды: қазақ халқының құрылуы, Жоңғар, Қытай, Қиуа, Бұхара және Ресей империясымен  күрделі қарым-қатынастарын қамтиды.  Өз отанының тарихына деген бұл үндеу өз халқының мүддесімен өмір сүрген жазушының шығармашылық жолының шынайы, логикалық және заңды дамуы болды. Осы трилогияның желісімен «Көшпенділер» кинофильмі  түсірілді (2005).
   І.Есенберлиннің «Айқас» романы үшін Абай атындағы Қазақ  КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді (1968). 1973-1983 жж. жазушы қазақ халқының шығу  тарихын баяндайтын, «Алтыбасты Айдаһар», «Айдаһардың алты басы» және «Айдаһардың ажалы» романдарынан тұратын «Алтын Орда» трилогиясын жазды. Жазушының тарихи романдары Қазақстан мәдениетінде маңызды оқиға болып табылады. Ол Қазақстан композиторлары әндерінің әуендеріне 40-тан астам мәтін жазған. Оның шығармалары орыс, украин, латыш, ағылшын, араб, француз және тағы басқа әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. Ол аудармашы ретінде де белсенді  көріне білді. Атап айтқанда, К.Д.Ушинскийдің ертегілері мен әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
   Еңбек қызыл Ту (1971), «Құрмет белгісі» (1975) ордендерімен,  «За боевые заслуги» және «За оборону Ленинграда» медальдарымен марапатталған. Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968). Туған қаласы Атбасарда оның шығармашылығына арналған мұражай ашылып, жазушының тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Қазақстан қалаларындағы мектептерге, көшелерге есімі берілді.

   Кітап көрмесінде Ілияс Есенберлиннің өмірі мен қызметі жайлы материалдар, шығармалары, аудармалары, ол туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған  мақалалар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование