KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886971
2019 жылы:  20686
бүгiн:  1
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.01.2015

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы – мемлекеттің бастауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Қазақ хандығының құрылуы ХІV-ХV ғасырдағы Қазақстан аумағында өткен ішкі әлеуметтік-экономикалық және этносаяси үдерістердің заңды нәтижесі болып табылды. ХV-ғасырдың орта шенінде этникалық аумақтың бірлігін қамтамасыз ете алатын, халықтылықты және Қазақстан халқының шаруашылық қызметін қалыптастыратын біріңғай тұрақты мемлекеттің қажеттілігі туды.
 Қазақ хандығының құрыла бастауы 1465-66 жж. анықталады. Алтын Орданың ыдырауына байланысты қазақ даласында дағдарыс күшейе түсті. Көптеген тайпалар мен жүздер біріге алмай, үнемі бір-бірімен соғысуда болды. Қазақ хандығының алғашқы ханы болып Керей сайланады, бірақ хандықты Әбілхайыр  хан мен  Өзбек Ордасына қарсы соғыс бастаған Жәнібек сұлтан басқарды. 1468 жылы Жәнібек  Өзбек Ордасының барлық аумағын соғыссыз басып алады. ХV ғасырдың аяғында Жәнібек хан мен Керей хан қазақ жүздері мен тайпалары орналасқан аумақтардың маңызды бөлігіне – Сарысу мен Сырдарияда, Арал маңында және Қаратау тау бөктерінде өз биліктерін нығайтты. Сығанақ, Сауран, Отырар, Яссы (Түркістан) қалалары үшін табанды күрес жүріп жатты.  Бұлар маңызды әкімшілік-саяси және сауда-қолөнерлік пункттері, көшпелі және отырықшы-егіншілік аудандары тұрғындарының шаруашылық және этномәдени байланыстарының орталықтары болды. Күрес Созақ, Сығанақ және  Сауран  қалаларының Қазақ хандығының құрамына енуімен аяқталды. Қазақ хандығының астанасы әртүрлі уақыттарда Сығанақ, Түркістан және т.б. қалалар болды.
   1680-1718 жылдары Қазақ хандығын Тәуке хан басқарады. Ол азаматтық, әкімшілік және қылмыстық құқық нормаларын қамтыған «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасады. Бұл ережелер жинағы ұзақ уақыттар бойы қазақ қоғамындағы саяси қатынастарды  құқықтық реттеудің негізгі актісі болды.
   Қазақ хандығының тарихы 1718 жылы Тәуке ханның қайтыс болуымен аяқталды. Оның қазасынан кейін хандық екіге бөлініп, олардың әрқайсысын өз хандары басқарды. Хандардың орталықтандырылған мемлекет құру әрекеті жүздер арасындағы экономикалық байланыстардың болмауынан, феодалдар арасындағы өзара тартыс салдарынан, жоңғарлар тарапынан шабуылдау қаупі болғандықтан нәтижесіз болды.  Қиын экономикалық және саяси жағдайларда жаңа, күштірек одақтастар қарастыру қажеттілігі туралы мәселе туындайды. Бұл қазақ жерлерінің бір бөлігінің Ресей империясына қосылуына ықпал етті. Ұзақ уақыттар бойы хан билігі жүздерде сақталып, тек ХІХ ғасырдың бас кезінде ыдырады.

   Кітап көрмесінде қазақ хандығының құрылу тарихы бойынша материалдар, қазақ хандарының әулеті, сол кезеңнің саяси қайраткерлері мен қоғамдағы қарым-қатынастар туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование