KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886988
2019 жылы:  20703
бүгiн:  1
қазiр:  27
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.01.2015

   Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында «жасыл экономика» тақырыбына арналған кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

 «Жасыл экономика» Астана қаласында  өтетін «ЭКСПО 2017» «Болашақтың энергиясы» ірі халықаралық көрменің басты бөлімі болып табылады. Көрменің мақсаты – жұртшылықты тұрақты қуат көзін басқаруды қамтамасыз ететін тәсілдер мен шешімдерге көңіл аударту. Энергияның қазбалы көздері пайдалану кезінде қоршаған ортаны ластайтын және шектелген, электр энергиясының басты қайнар көзі ретінде қарастырылады.
 «Жасыл экономика» соңғы жиырма жылдықта қалыптасқан экономика ғылымына бағыт, экономика қоршаған ортаның арқасында өмір сүріп, оның бір бөлігі ретінде тәуелді компоненті болып табылады. «Жасыл экономика» - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану есебінен қоғамның амандығын сақтауға бағытталған, сонымен қатар соңғы пайдаланған өнімдердің өндірістік кезеңге қайтарылуын қамтамасыз ететін экономика. Біріншіден, «жасыл экономика» қазіргі таңда жоюылуға (пайдалы қазбалар) жақын қалған ресурстарды үнемді пайдалануға және таусылмайтын ресурстарды орынды пайдалануға бағытталған. «Жасыл экономика» негізі – таза немесе «жасыл» технологиялар. Мамандардың пікірінше, «жасыл экономиканың» дамуы біздің елдің көптеген постиндустриалды елдерді өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарыстан құтылуға мүмкіндік береді.
«Жасыл экономика» теориясы 3 аксиомада жинақталады:
   • Әсер ету ортасын шектелген кеңістекте үздіксіз кеңейту мүмкін емес.
   • Ресурстардың шектелгенде үздіксіз өсетін қажеттіліктерді қанағаттандыруды талап ету мүмкін емес.
   • Жер бетіндегілердің барлығы жағдайында өзара байланысты
   Қазақстан алдындағы «жасыл экономикаға» көшіудің негізгі басым міндеттері:
   1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және т.б) тиімді пайдалану және оларды басқару:
   2) барды жаңарту және жаңа инфрақұрылым құру:
  3) қоршаған ортаға қысымды жеңілдетудің тиімді жолдары арқылы қоршаған ортаның сапасы мен тұрғындардың игілігін арттыру:
   4) Ұлттық қауіпсіздікті, оның ішінде су қауіпсіздігін арттыру.

   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынын әлемдік және қазақстандық экология мәселелері, табиғи ресурстары, энергия үнемдеу технологиясы, Астана қаласында ЭКСПО 2017 ұйымдастыру туралы ағылшын, орыс және қазақ тілдеріндегі әдебиеттер ұсынылған.

   Көрмені тамашалауға шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование