KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887015
2019 жылы:  20730
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.01.2015

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқырман залында Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – ұмытылмас тарих» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия еш хабарлаусыз, опасыздықпен Кеңестер Одағына басып кірді. Отанды қорғауға бүкіл кеңес халқы жұмылды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен-ақ қатардағы кеңес жауынгерлері ерлікпен шайқасып, неміс басқыншыларына тосқауыл болды.
 Ұлы Отан соғысына  Қазақстан халық санының айтарлықтай көлемімен, дамыған өндіріс күшімен және орасан табиғи ресурстарымен Кеңес Одағының құрамдас бөлігі ретінде енді. Алғашқы сағаттардан, күндерден-ақ  Қазақстан аумағында әскери бөлімдер мен  бөлімшелер қалыптастырыла бастады. Соғыс жылдарында әскер қатарына 1 миллион 366 мың қазақстандық шақырылды. Ұлы Отан соғысы майданында қазақстандықтар жігерлі  ерлік көрсетті. Курск түбіндегі,Украина мен Беларусь, Балтық жағалауы мен Молдавия, Польша, Венгрия, Чехословакия, Австрияны азат ету үшін ұрысқа он мыңдаған адам басын тікті. Мыңдаған қазақстандықтар партизандық қозғалыстың қатысушылары болды. Берлин үшін шайқаста Рейхстакқа Жеңіс туын тіккен алғашқылардың  бірі қазақ жауынгері – Рахымжан Қошқарбаев еді.
   Стратегиялық ресурстар мен өндіріс шоғырланған аймақтардың басым бөлігі  жойылған соғыс жылдарында Қазақстанның рөлі теңдессіз өсті. Соғыс  қара және түсті металлургия өнімдерін, көмір және  мұнай өнеркәсібін,  сирек металлдарды өндіруді  ұлғайтуды талап етті. Қазақстанға 220 завод пен фабрикалар көшірілді. Өндіріс саласында жұмыс істеу үшін 670 мың адам   жұмылдырылды. Кеңес Одағының барлық жерлерінен жер аударылған және қуғынға ұшыраған  1,5 миллионға жуық адам келді. Олар соғыс жылдарындағы қысылтаяң кездің қиындықтарын жеңе отырып, еңбекте жаппай ерлік көрсетті. Майданға аттанған жұмысшыларды алмастырған адамдардың, соғыстың алғашқы күндерінен негізгі ұраны «Барлығы соғыс үшін, барлығы жеңіс үшін!» болды. Еңбек майданында әйелдер мен  балалар басты күш болып табылды. Кеңес халқы қатал сынға абыроймен қарсы тұрып, бұл соғыста жеңіске жетті.
   1945 жылы 9 мамырда Кеңес Одағының түкпір-түкпірінде қуанышты хабар, көптен күткен «Жеңіс!» сөзі жаңғырды.
   Фашистік  басқыншылармен болған соғыстағы Ұлы Жеңіске 2015 жылы 70 жыл толады. Осы уақытқа дейін кеңес халқының өшпес ерлігі туралы естеліктер әр адамның жүрегінде сақтаулы. Неше ондаған жылдар сырғып өтсе де, күлге айналған қалалар мен ауылдар, қираған ауыл шаруашылығы, халықтың материалдық және рухани мәдени ескерткіштерінің бүлінуі, күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмсаған тыл еңбеккерлері туралы, ең бастысы және орны толмас шығын – миллиондаған адам өмірі  туралы ұмытуға болмайды. Шектен шыққан жауыздық пен азап,  орны толмас  шығындар,  қирату мен қайғыға толы Ұлы Отан соғысындағы 1418 күн мен түн. Ешкім де, ешнәрсе де фашизмге қарсы соғыстағы жеңістің бүкіләлемдік-тарихи маңызын,  халықтың асқақ ерлігінің ұлылығын төмендете алмайды. 

   Кітап көрмесінде Ұлы Отан соғысы туралы құжаттар мен материалдар, соғыс жылдарындағы Қазақстанның рөлі, қазақстандық жауынгерлердің соғыстағы ерліктері туралы естеліктері, әскери мемуарлар, суретті альбомдар және т.б. ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование