KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887040
2019 жылы:  20755
бүгiн:  1
қазiр:  55
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.01.2015

   2015 жылғы 21 қаңтар, сағ. 11.00-де Көрмелер залында профессор, экономика ғылымдарының докторы Әділбек Смағұловтың «Лизинговый рынок Казахстана в условиях модернизации национальной экономики» кітабының тұсаукесер рәсімі және А.С.Смағұловтың ғылыми-педагогикалық қызметіндегі 40 жылдығы өтті.

  Жарияланған ғылыми еңбекте автор Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялық әлеуетінің деңгейіне, сондай-ақ елдің 2010-2014 жылдарға және 2015-2019 жылдарға жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуы Мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы мен ерекшеліктері, олардың аясында бизнесті қолдау кешенді бағдарламасы – экспортты дамыту, инвестицияларды тарту, еңбек өнімділігін арттыру,  шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша кешенді талдау жасады. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуда арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) және кластерлердің рөлі сипатталды. Отандық экономиканың лизингпен өзара байланысу және өзара ықпал ету міндеттері мен жаңғырту бағдарламасы көрсетілді.
   Бұл ғылыми еңбек ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті ғылыми зерттеуінің гранттық қаржыландыруы көмегімен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асқан «Исследование состояния, проблем и перспектив развития современного лизинга в Казахстане в контексте мирового опыта и ускоренной модернизации национальной экономики» атты үш жылдық ғылыми жобаның аяқталуының белгісі.
   Студенттерге, магистранттарға, PhD докторанттарына, ЖОО оқытушыларына, сондай-ақ шағын және орта бизнес саласындағы лизингтік инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын кәсіпкерлерге, лизингтік компания, агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорны, көлік, құрылыс басшылары мен мамандарына арналған.

   Тұсаукесерді ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы  Әлібек Асқар жүргізді.

   Іс-шарада сөз сөйлегендер: С.Сартаев, А.Қошанов, А.Нұрсейітов, Ш.Құрманбайұлы, Т.Есіркепов, Б.Төлеубекова, З.Ергожина, М.Успанова, Б.Жүнісбекова, Н.Қалғанбаев және т.б.

   Іс-шара аясында кітапхана қорынан автордың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қатысушылар: белгілі экономистер, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, қоғам қайраткерлері, профессорлар, докторанттар, магистранттар, ЖОО студенттері, Ұлттық кітапхананың оқырмандары, БАҚ өкілдері.

 

 

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование