KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887027
2019 жылы:  20742
бүгiн:  1
қазiр:  51
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.01.2015

   2015 жылғы 23 қаңтар, сағ. 15.00-де Әлем әдебиеті бөлімінің оқу залында Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығының, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің сыйға кітаптар табыстау рәсімі өтті.


   Ресей кітап бұрышына дәстүрлі жаңа кітап топтамаларын табыстау рәсімі жыл сайын Ресейде студенттік күн ретінде атап өтілетін қасиетті Татьяна күні қарсаңында өтеді. Бұл күні Ресейде бір-біріне қонаққа барып, көңіл көтеріп, жақындарымен кездескендеріне қуанып, бір-біріне сыйлық береді.
   Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына сыйға 105 басылымды құрайтын топтама тарту етілді, олардың ішінде өнер, тарих, тіл білімі, көркем және ғылыми әдебиеттер. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Бас консулы А.М.Дёмин, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілеттілігі басшысының орынбасары И.В.Переверзева кітапхананың кітап қорына өздерінің жеке сыйларын ұсынды.

   Кітап табыстау рәсімінде ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры А.Асқар, Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулы А.М.Дёмин, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілеттілігі басшысының орынбасары И.В.Переверзева, ҚР Ұлттық кітапханасы Бас директорының орынбасары А.Юсупова, кітапхананың тұрақты оқырманы А.Байзақовтар сөз сөйледі. Іс-шара қонақтары өздерінің ұсыныстары мен жылы лебіздерін білдірді.

  

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование