KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887005
2019 жылы:  20720
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.02.2015

  

  2015 жылғы 4 ақпан, сағ. 15.00-де Көрмелер залында  «Мереке»  баспасынан жарық көрген «Жыр маржаны» атты 10 томдық қазақ поэзиясы антологиясының тұсаукесер рәсімі өтті.

   «Мереке» баспасы Атырау облысы әкімдігінің тапсырысымен және қолдауымен «Жыр маржаны» атты 10 томдық қазақ поэзиясының антологиясын жарыққа шығарды.
    Қазақ кітап басу тарихында тұңғыш рет 1977 жылы екі томдық қазақ совет поэзиясының антологиясы және белгілі әдебиетші Сауытбек Әбдірахманов құрастырған  екі томдық антологиядан (2007 жыл, «Раритет» баспасы) басқа бұрын-соңды қазақ халқының арғы тарихынан белгілі баба жыраудан бастап бүгінгі жас таланттарға дейін мейлінше толық қамтылған, көлемді 10 томдық қазақ поэзия антологиясы оқырман қолына тиген емес.
   10 томдықтың І-томы ұлы бабамыз тасқа қашап жазып кеткен данышпандық жырлары мен түрік қағанатын құрған Құтылығ қағанның ұлы Күлтегін қағанның ел шежіресінен (еркін әдеби нұсқасын жасаған ақын Темірхан Медетбек) басталады.
   678 ақынның басын қосып, 3000 данамен жарық көрген осынау жыр жәдігерінің әр томы көркем безендіріліп, әр ақынның бейнесі суретшінің қылқаламымен (суретші Алтай Айтжанов) салынған. Антологияны құрастырғандар: Мереке Құлкенов пен Гүлсім Мұқышева. Алғысөзін жазған ақын Темірхан Медетбек.
   Тұсаукесерді ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы  Әлібек Асқар жүргізді.
    Іс-шарада сөз сөйлегендер: А.Оразақын, Т.Медетбек, М.Кұлкенов, М.Айтхожина, Ш.Сариев, Е.Раушанов және т.б. Іс-шара аясында жаңа басылым Ұлттық кітапхана қорына сыйға тартылды.

   Қатысушылар: белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, филологтар, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері.

   

   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование