KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887014
2019 жылы:  20729
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.02.2015

 

   2015 жылғы 6 ақпан, сағ. 15.00-де Көрмелер залында тарихшы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылыми Академиясының корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұқан Бекмахановтың 100 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, Республикалық кітап мұражайы.

   Ермұқан Бекмаханов 1915 ж. Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келді. 1937 жылы Воронеж педагогикалық  институтын бітірді. Еңбек жолын Педагогика ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі Білім академиясы) ғылыми қызметкер, директор қызметтерінен бастаған. 1941-1946 ж. Халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы, 1946-1947 ж. Тарих, археология және этнография институты директорының орынбасары, 1947-1966 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) кафедра меңгерушісі болды.
   1944 жылы «Қазақ КСР тарихы» кітабындағы (Алматы 1943 ж.) Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы тарау үшін алғаш рет сынға ұшырады. «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты кітабында (1947 ж.) Кенесары Қасымұлының көтерілісіне (1837-1947 ж.) қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы ретінде баға берді. 1952 жылы 25 жылға бас бостандығынан айырылып, жер аударылды. 1954 жылы ақталып шыққаннан кейін,  Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. Ғалым ХVII-ХІХ ғ. Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайларының мәселелерін зерттеуге едәуір үлес қосты. 
   100-ден астам ғылыми еңбектердің, орта мектептерге арналған  Қазақ КСР тарихы бойынша 6  оқулықтың, Қазақ КСР тарихы бойынша хрестоматияның авторы.
   2004 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі түрде «Бекмаханов оқулары» өткізіледі. 2013 жылы желтоқсан айында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде белгілі тарихшыға  арналған «Ұлттық тарих: қазіргі дамудың тенденциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
   Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасына, Жамбыл облысы Шу ауданы  Төле би ауылындағы мектеп-гимназиясына ғалымның есімі берілген. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ғалымға ескерткіш орнатылған.

   Еске алу кешін ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы  Әлібек Асқар ашты. 
  Кешті - тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Фазылұлы Мәжитов жүргізді. 
  Іс-шара аясында Ұлттық кітапхананың қорынан Е.Бекмахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Тарих тамыршысы» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде кітапхананың Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорынан алынған материалдар ерекше орын алды. 
  Сөз сөйлегендер: жазушы, Республикалық кітап мұражайының кеңесшісі Нағашыбек Қапалбекұлы, тарих ғылымдарының докторы, академик Төлеу Көлбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор  Айжан Капаева және т.б.  Қорытынды сөз профессордың жұбайы  Бекмаханова Халима Адамқызына берілді.

  Қатысушылар: белгілі тарихшылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының студенттері, Ұлттық кітапхананың оқырмандары,  БАҚ өкілдері.

    

  


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование