KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14887051
2019 жылы:  20766
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.02.2015

   Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы – мемлекеттің қазығы» атты көрме ұйымдастырылды.                              
    XV ғасырда Орталық     Азияның саяси   картасында  Қазақ  хандығының пайда болуы  туралы құпиялар әлі күнге  дейін ашылмаған деп айтуға болады. Қазіргі ғылыми тұжырымдар көбінесе бір дереккөзге - ортағасырлық тарихшы,  Кашмир билеушісі   және қолбасшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің  «Тарихи- и Рашиди» еңбегіне басымырақ сүйенеді. Керей мен  Жәнібектің  жақтастарына «қазақтар» атауын бекітіп  беру 1456-1466 жж. оқиғамен-олардың көшпенді  өзбектер мемлекетінің басшысы Әбілхайыр ханнан көшіп   кетуімен байланысты. «Қазақ» атауы жаңа мемлекеттік құрылымға  ауысты. «Қазақ» сөзі, сонымен қатар, Әбілхайыр хан мемлекетінен бөлініп кеткен көшпенді  топтарды, олардың бір бөлігін  көрсету үшін пайдаланылды. Қазақ хандығының  алғашқы билеушілері  Керей хан мен Жәнібек сұлтан болды.
    Қазақ хандығының бастапқы аумағы - Шу мен Талас алқабы. Әр кезеңдерде   астаналары - Сығанақ, Түркістан  және басқа да қалалар болды. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан аумағындағы  XIV - XV ғғ. этносаяси үдерістердің  заңды нәтижесі болып табылды.
   Қазақ қоғамы әлеуметтік сараланып, биік дәрежелі қауымнан (хандар, сұлтандар,   байлар, билер, батырлар) және тәуелді тұрғындардан (көшпенділер және жартылай көшпенділер -  шаруа және егіншілер) құралды. Қазақ хандығының саяси-әкімшілік құрылысына патриархалды - феодалдық қарым - қатынастар әсерін тигізді. Хандық бірнеше ірі  әкімшілік бірліктен: сұлтандар бастаған ұлыстардан -  хан руынан шыққан шыңғыстықтардан құрылды. Мемлекет басында тұрған хан   шексіз билікке  ие болды, жоғары - азаматтық, әкімшілік, әскери өкілеттіліктерді атқарды. Қазақ ханының билігі үнемі толық жүргізілмеді, әдетте билік рулық ақсүйектермен бақыланып, шектеліп отырды. XVII ғасырдың  басында жүздік  ұйымдар енгізілді, бүкіл  қазақ жері үш жүзбен  шаруашылық - аймақтық бірлестіктерге  бөлінді. Қазақ хандығының тұрақты астанасы  болып Түркістан  анықталды,  хан қыс мезгілінде осы жерде болатын. Ұзақ уақыт хандық билік жүздерде жалғасып келді,  тек XIX ғасырдың басында жойылды.
  Көрмеде қазақстандық авторлардың Қазақ хандығының құрылу тарихы бойынша  республикалық, облыстық газет - журналдарда жарияланған ғылыми мақалалары мен жарияланымдары   ұсынылған.
  Көрме Қазақстан тарихына қызығушы қалың  оқырман қауымға  арналған.

   Көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование